Get Mystery Box with random crypto!

Қаңтар оқиғасынан хабар таратқан Азаттық тілшілерін прокуратур | The Qman

Қаңтар оқиғасынан хабар таратқан Азаттық тілшілерін прокуратураға шақырды

Алматыда қаңтар оқиғасынан ақпарат таратқан Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлы мен оператор Санат Нұрбековті прокуратураға шақырды.

Прокуратураның Азаттыққа жолдаған қаулысында тілшілердің 5 қаңтар күнгі оқиғаға байланысты шақыртылып отырғаны жазылған.

Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлының сөзіне қарағанда, тергеуші тілшілерден 5 қаңтар күнгі оқиғаға байланысты сұрақтар қойып, видео бар-жоғын сұраған. Сұрақ-жауап жарты сағатқа созылған. Тілшілердің жанында адвокаты Айман Омарова болды.

@azattyq