Get Mystery Box with random crypto!

Біздің командаға қазақ редакторы қажет! Сізден бізге не кер | The Qman

Біздің командаға қазақ редакторы қажет!

Сізден бізге не керек?

— Журналистикалық мақала жаза, өңдей білу; БАҚ-та істеп жүргендерге басымдық береміз.
— Адам құқығы, саясат, заңнама мен әлеумет проблемаларынан хабардар болу;
— Жаңа тәжірибеге деген құштарлық;
— Сыни ойлай, ақпарат іздей және тексере білу;
— Мықты сауат, калькадан аулақ болу — «бөлісу» сөзін дұрыс қолдану .

Бізде редактор не істейді?

— Мақала, жаңалықтар мен кішігірім материалдар (мысалы «Сұрақ-жауап», «Сөздік») жазады;
— Тақырыптар ойлап табады;
— Авторлардың мәтіндерін тексереді;
— Сайтқа салынған мәтінді өңдеп, әлжеліге пост қылып шығарады;
— Кейіпкерлер мен сарапшылардан сұхбат алады.

Ал біз сізге не ұсына аламыз?

— Жұмыс кеңседе, дүйсенбіден жұмаға, сағат таңғы 10-нан кешкі 7-ге дейін. Үзіліске бір сағат беріледі;
— Жалақыны уақытылы төлейміз (мөлшерін сұхбаттасқаннан кейін айтамыз);
— Цензура, иерархия мен бюрократиядан аулақпыз, команда жалғызсыратпайды, әрқашан қол ұшын береді;
— Анда-санда бас редактордың орнына отыруға болады

Бізге келгісі келетіндер:

— masa.media сайтын жақсылап көріп шығыңыз. Қандай форматта не жазғанымызды оқыңыз. Сосын 2–3 мақала тақырыбын ойлап табыңыз.

Оларды және түйіндеме мен бізде не үшін істегіңіз келетіні туралы кішігірім хатты editorq@masa.media поштасына жіберіңіз. Хатқа masa редакторы деп тақырып қойыңыз.

Іші толық емес, мысалы, түйіндемесі, тақырыптар жоқ хаттарды қарастырмаймыз.

Іріктелген үміткерлерге тест тапсырма береміз.