Get Mystery Box with random crypto!

Telegram Info Kazakh

Telegram арнасының логотипі tginfokk — Telegram Info Kazakh T
Telegram арнасының логотипі tginfokk — Telegram Info Kazakh
Арна мекенжайы: @tginfokk
Санаттар: Telegram
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 184
Арнадан сипаттама

Чат @tginfokkchat
Ағылшынша нұсқасы: @tginfoen
Бета нұсқа жайлы: @betainfoen
Анонимді кері байланыс @infowritebot
Талқыға арналған чат: @tginfochaten

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 7

2021-02-18 19:23:21 Telegram-ның келесі жаңаруы

Telegram-ның келесі жаңартуларындағы кейбір жаңа мүмкіндіктер жайлы ақпарат Telegram-ның локализация платформасындағы жаңа аудармалар арқасында пайда болды. iOS қосымшасы үшін

Жаңарту:
- Тарату чаттары (әкімшілер ғана жаза алады, қатысушылар саны шексіз), мысалы: @broadcastchat
- Чаттағы бапталған таймер бойынша хаттың өзін-өзі жою, мысалы: @fastestchat
- Бейін суретін не бейнесін шағымдану мүмкіндігі
- Әр чат үшін арнайы дыбыстық мәлімдемелер баптауы
- Уақытша шақыру сілтемелері, QR кодын құру
- iOS қосымшасының виджеттері

Барлық тізімделген мүмкіндіктер Android қосымшасына келесі жаңартуда пайда болады.
388 views16:23
Ашу / Түсініктеме
2021-02-15 15:28:21 Жарыстардың ресми сайтында Android бағдарламалаушыларына арналған байқаудағы қатысушылардың бірінші кезеңдегі жұмыстары пайда болды.

Төрешілер байқаудың нәтижелерін жариялауға дайындалып жатқанда, сіз ұсынылған жұмыстарды байқау веб-сайтынан қарай аласыз.

Көру үшін сіз қатысушыны таңдап, «DOWNLOAD .APK» түймесін басуыңыз керек.

Қолданбаларды үшінші тарап әзірлеушілері жасайтын болғандықтан, өз есептік жазбаңызды қолдануға кеңес берілмейді.

#байқау
492 views12:28
Ашу / Түсініктеме
2021-02-11 18:27:51 Қолданушылар Telegram жарнамасынан қорықпауы керек. Неге екенін түсіндіреміз

Павел Дуров Telegram-да жарнама қалай жұмыс істейтіні жайында айтып берді.

1. Чаттарда жарнама болмайды. Жарнама @Durov сияқты үлкен арналарда ғана болады. Telegram-ға әлеуметтік желі ретінде емес, мессенджер ретінде сенім артатын қолданушылар ешқашан жарнама көрмейді.

2. Ешқандай таргетиң болмайды. Қолданушы деректері жарнама мақсатында пайдаланылмайды.

3. Біз Telegram-да бұрыннан бар жарнаманы жетілдіріп жатырмыз. Telegram-дағы контент жасаушылар қазірдің өзінде арналарында жарнама сататыны белгілі. Бұл - қолданушыларға жағымсыз әсер қалдыратын, мезі болатын ретсіз нарық боп тұр. Енді Telegram арна иелеріне құпиялыққа басымдық беретін балама ұсыныс жасау арқылы осы жағдайды өзгертеді.

Қолданушылар жарнамадан бас тарта алады, бірақ Павел Дуровтың пікірінше, құпиялыққа басымдық беретін жарнамалар арна иелеріне болашақта табыс әкелетін жақсы балама болады. Басқа балама - донат пен жазылым. Telegram ұжымы осы екі мәселе бойынша да жұмыс жасап жатыр.

"Біздің түпкі мақсатымыз - қаржылық тұрғыдан тұрақты және өз қолданушылары үшін ең жақсы стратегияны таңдау еркіндігі бар контент жасаушылардың жаңа санатын құру. Дәстүрлі әлеуметтік желілерді қолданатындар жеке дерек жинау мен манипуляция жасайтын алгоритмдерден тым ұзақ уақыт зардап шегіп келді. Бұны өзгертетін уақыт келді" - дейді Павел Дуров.
578 viewsedited  15:27
Ашу / Түсініктеме
2021-02-10 23:45:03 Кәмелетке толмағандарды заңсыз акцияларға қатысуға шақырғаны үшін Telegram және басқа әлеуметтік желілерге айыппұл салынады

«Facebook, Instagram, Twitter, TikTok, "ВКонтакте", "Одноклассники" өкілдеріне, сондай-ақ YouTube видеохостингіне және Telegram мессенджеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға шақырулар жіберілді. Хаттамалар 2021 жылдың 11 ақпаны мен 1 наурызы аралығында жасалады», - деп хабарлады Роскомнадзор.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес сайт иесінің тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу тәртібін бұзуы заңды тұлғаларға 800 мыңнан 4 миллион рубльге дейін айыппұл салынады. Қайталанған құқық бұзушылық жағдайында айыппұл компанияның жылдық кірісінің 10%-на дейін көбейтіледі.
517 views20:45
Ашу / Түсініктеме
2021-02-10 23:28:05 @tginfo-ның қазақ тіліндегі ресми арнасына қош келдіңіз!

Бұл арнада @tginfo арнасынан аударылған жаңалықтар шығып тұрады. Мақалалар түпнұсқадан аударылған. Ең өзекті соңғы жаңалықтарды осында оқыңыз.

Бета: @betainfokk
Байланыс: @infowritebot
507 viewsedited  20:28
Ашу / Түсініктеме
2021-02-10 00:17:29 Channel photo updated
21:17
Ашу / Түсініктеме