Get Mystery Box with random crypto!

Қолданушылар Telegram жарнамасынан қорықпауы керек. Неге екені | Telegram Info Kazakh

Қолданушылар Telegram жарнамасынан қорықпауы керек. Неге екенін түсіндіреміз

Павел Дуров Telegram-да жарнама қалай жұмыс істейтіні жайында айтып берді.

1. Чаттарда жарнама болмайды. Жарнама @Durov сияқты үлкен арналарда ғана болады. Telegram-ға әлеуметтік желі ретінде емес, мессенджер ретінде сенім артатын қолданушылар ешқашан жарнама көрмейді.

2. Ешқандай таргетиң болмайды. Қолданушы деректері жарнама мақсатында пайдаланылмайды.

3. Біз Telegram-да бұрыннан бар жарнаманы жетілдіріп жатырмыз. Telegram-дағы контент жасаушылар қазірдің өзінде арналарында жарнама сататыны белгілі. Бұл - қолданушыларға жағымсыз әсер қалдыратын, мезі болатын ретсіз нарық боп тұр. Енді Telegram арна иелеріне құпиялыққа басымдық беретін балама ұсыныс жасау арқылы осы жағдайды өзгертеді.

Қолданушылар жарнамадан бас тарта алады, бірақ Павел Дуровтың пікірінше, құпиялыққа басымдық беретін жарнамалар арна иелеріне болашақта табыс әкелетін жақсы балама болады. Басқа балама - донат пен жазылым. Telegram ұжымы осы екі мәселе бойынша да жұмыс жасап жатыр.

"Біздің түпкі мақсатымыз - қаржылық тұрғыдан тұрақты және өз қолданушылары үшін ең жақсы стратегияны таңдау еркіндігі бар контент жасаушылардың жаңа санатын құру. Дәстүрлі әлеуметтік желілерді қолданатындар жеке дерек жинау мен манипуляция жасайтын алгоритмдерден тым ұзақ уақыт зардап шегіп келді. Бұны өзгертетін уақыт келді" - дейді Павел Дуров.