Get Mystery Box with random crypto!

Telegram арналарда донат (қаржылай көмек) пайда болды Telegra | Telegram Info Kazakh

Telegram арналарда донат (қаржылай көмек) пайда болды

Telegram қолданушылары арна әкімшілеріне қаржылай қолдау білдіре алатын құрал пайда болды.

Telegram тарапынан расталған @donate боты Төлем 2.0 жүйесін пайдаланады. Донат алу үшін арна иесі ботты әкімші ретінде арнасына қосып, оған жазбаларды жою құқығын беруі керек. Осыдан кейін ботқа арнайы пәрмен жіберсеңіз, ол сіз үшін донат түймесін жасап береді.

Бот қосатын арнаңыз жалпыға жария, 1000 жазылушысы бар, кемінде 3 ай бұрын ашылған және «Ойын-сауық» немесе «Білім» санатына жатуы керек. Арна иесі төлем қызметінде өз бетін сканерлеп, тұлғасын растауы қажет болады.

Ақша қабылдау және шешіп алу комиссиясы қазір 5%-дан жоғары, бірақ болашақта төмендетіледі дейді. Бот Telegram командасының төл теңгелету құралына ұқсайтынына қарамастан, бұл негізінде smart-glocal.com деген бөлек компанияның үшінші тараптық қызметі.