Get Mystery Box with random crypto!

Павел Дуров Apple-ға тағы бір шабуыл жасады Постқа себеп - Ap | Telegram Info Kazakh

Павел Дуров Apple-ға тағы бір шабуыл жасады

Постқа себеп - Apple өз қолданушыларын бақылайды және Қытай Компартиясының нұсқауымен цензура жүргізеді деген ақпарат.

Дуров сонымен бірге Apple-дың ескірген жабдықтарға қоятын бағасы қымбат екенін және iPhone-да 120 Гц қуат жетіспейтінін айтты. Ол мұндай нәрсе арзан Android смартфондарында кездеседі деді.

Алайда Павел Дуровтың басты мақсаты Apple қолданушыларының сандық құлдықта екенін жеткізу. Компания құрылғыларына App Store дүкенінен тыс жерден бағдарлама орнатуға рұқсат бермейді.

Жақында Telegram өзінің Android клиентінің Google Play-ден тыс орнатылатын нұсқасын шығарды. Бұл клиентте Google Play нұсқасындағы кейбір цензуралық шектеулер жоқ.