Get Mystery Box with random crypto!

Ақшаға өте қызықпайтын адаммын. Білмеймін, тегі сол қасиетті д | tesik qaıyq

Ақшаға өте қызықпайтын адаммын. Білмеймін, тегі сол қасиетті дамыта алмадым. Нарықтық заманда ақша ең керекті құрал, тиісінше ақша таба білу де бұл күнде өте керекті қабілет.

Маркетинг ол - алаяқтық (жаман мағынада емес). Қазіргі капитализмнің қатал заңы сол. Өніміңді сатып алу үшін, түрлі айла-амалдар һәм манипуляциялар жасауың керек. Жасағым келеді, жасап та көрдім. Бірақ табиғатыма қайшы. Тәрбием сондай. Тіпті маған қарыз адамдардан, қарызымды сұрауға ұялатын адаммын.

Мысалы бүгін түнде клиент хабарласты, таңертең көлсайда love story түсіру керек. Ақысы сол стандартты 100к.

Тапсырысты қабылдамадым, себебі мен таңға дейін дайындалып үлгермейтін едім. Оның үстіне мен ол кісілердің түрін көрмедім, образдарын білмеймін, мінездері қандай ол жағы да белгісіз. Шығармашылық жұмыс болғаннан кейін, кішкене болса да жүрекпен жасағың келеді.

Бірақ менің проблемам да осыда. Әр жұмысыңа “мінсіз творчестволық процесс” ретінде қарай берсең, шынайы шығармашылық жұмысқа қаражат қалай жинайсың? Негізі 100 рет барған жерім ғой, ары кетсе 2 сағатта түсіріп тастар едім. Сол ақшаға ұмтылыстың жоқтың әсері.

Білмеймін, бұл жақсы ма, жаман ба. Әке-шешем тым идеалды тәрбие беріп қойған. Бірақ ол тәрбие мына әлемлде жұмыс жасамайтыны өкінішті.

Сол үшін маған тек саналы ғана емес сонымен қатар “өте пысық” қыз керек сияқты. Жұлып, жеп тұратын болады ғой
Сол қасиет жетпейді маған, демек сондай адам іздеу керек