Get Mystery Box with random crypto!

Соңғы бірнеше айда 99% монтажбен айналыстым. Тиісінше сыртқа к | tesik qaıyq

Соңғы бірнеше айда 99% монтажбен айналыстым. Тиісінше сыртқа көп шықпадым. Жұмысың үйде болғаны жақсы әрине, бірақ бір қалыптылық деградацияға алып келеді екен. Жаңа идеялар жоқ, миым қатып қалған сияқты көрінді. Және ылғи үйде болғандықтан бейтаныс адамдармен де сөйлесу қиындау болып қалыпты.

Олай жалғаса бермеуі керек, ендігі тек жеке проекттермен айналысуды жөн көріп отырмын. Оның үстіне сезон да басталып жатыр, ал қолға камера ұстамағалы да біраз болыпты.

Сосын бұл жылы бір жүйе қою керек сияқты. Шаршадым режимсіз өмірден. Көбіне видеографтар көктемнен қара күзге дейін күн-түн демей съемкаларға шыға беретін едік, ал қыста демалатынбыз. Бірақ былтырғы сезон айтарлықтай керемет болған жоқ (мен үшін). Әртүрлі қиялы себептермен былтырғы сезонды жіберіп алдым

Енді бір демалыс жасап, сүңгіп кету керек болып тұр