Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін өте қызық сезімді бастан кешірдім. Өмірімде алғаш рет сч | tesik qaıyq

Бүгін өте қызық сезімді бастан кешірдім. Өмірімде алғаш рет счетымда ақша бітіп қалды. (Депрессия, карантин, ЧПға рақмет). Ақшам бітті, қалмады. Білмеймін, менде ондай болып көрмеген

Содан 20к теңге қатты керек болды, прям қатты. Барлық досыма хабарласып шықтым. Ешкім бермеді. Достарымнан ақша сұрауым да алғашқы рет. Йоо дедім, негізі тым жоқ емес-ау деп ойладым, бермесе тартып ала алмаймын ғой. Жалпы өзім сұрағанның бетін қайтармауға тырысамын. Бірақ бәрі мен сияқты болуға міндетті емес қой. Оның үстіне қазір адамдарда да артық ақша жоқ шығар.

Жалпы ренжімедім. Түсінем. Айтпағым әлгі алған әсер жайлы. Ақшамның жоқтығына ерекше қуандым. Шын, истерикалық күлкі болды. Каспиімді қайта-қайта қарадым. Көңілім мүлде түспеді. Диванға жаттым да, әдетімше аяғымды аяғыма айқастырып, қабырғаға қарап, мәз болып жаттым. Шүкір дедім. Бұл сезімді де сезіп көру керек екен

Содан ақшаны таппадым. Құрысыншы, бір мәнісі болар. Сөйтіп отырғанда календарьға қарадым. Арғы күні пәтер ақы төлеу керек екен Енді ойланып отырмын, жалпы 70к теңгені бір күнде қалай табуға болады екен?)

Шынымен, бір бақытты күйде отырмын. Шүкір. Қалай, қайдан табатыным белгісіз, бірақ бір мәнісі болар

P.S Есесіне түрлі идеялар келіп жатыр.