Get Mystery Box with random crypto!

Кез келген адамның әйтеуір бір проблемасы болады ғой. Үлкен, к | tesik qaıyq

Кез келген адамның әйтеуір бір проблемасы болады ғой. Үлкен, кіші мейлі бірақ бәрінің басы қатып жүретін мәселелері болады.
Кейде жарылып біреуге айтқың келеді, бірақ ол ешкімге қызық емес екені анық. Бұрын ол мәселемен кішкене оңайырақ па еді? “По душам” таңға дейін ішіңдегіні ақтаратын адамдар болушы еді ғой

Өткен жолы бір құлазып кеттім, сөйлескім келіп бір құрбыма бардым. Әңгімені бастағаннан телефон ақтарып отырды. Оған қызық емес екенін бірден ұқтым да, ішімдегіні тығып қойдым. Рас қой, қазір кім-кімнің жылаңқысын тыңдағысы келеді?) Мен де біреудің күйзелісін мұқият тыңдай аламын ба, білмеймін. Сондықтан қазіргі заманда “мені тыңдамадың” деп ренжудің қажеті жоқ сияқты.

Айтқым келгені, қазір бала күнге қарағанда араласатын адамдарымыз көп, бірақ сонда да бәріміз “жалғызбыз”. Достық тек “кайфушаға” керек сияқты. Ол жаман емес, бұл да бір әлеуметтік қарым-қатынастың эволюциясы. Адамдардың жалғыздығы алдағы уақытта тек арта түсетін сияқты.

Көзіңді жұм да, ойланып көрші. Шынайы сырласың көп пе?