Get Mystery Box with random crypto!

Химиясыз сезім. Қанша жерден мойындамауға болады, бірақ адам | tesik qaıyq

Химиясыз сезім.

Қанша жерден мойындамауға болады, бірақ адам болсын, тас болсын, басқа да заттар болсын бәрі химиялық элементтерден тұрады. Үлкен жарылыс теориясына сәйкес, ғаламдағы барлық дүниенің химиялық құрамы бірдей. Жерде бар элементтер, Марста да бар. Сенде бар атомдар, жерде жатқан жапырақта да бар.

Тек жарылыс кезінде пайда болған энергияның, сенің атомдарыңды қалай қалыптастырғанына байланысты бәрі. Сәл жақын болсаң адам емес “алмас, кристал” болып кетуің мүмкін еді, сәл алыс тұрсаң тас болып кетер ме едің. Бұл жалпы түсінік үшін айтып отырмын, ал былай өте қызықты әрі күрделі процесс.

Енді адамға оралайық. Адам да сол гормондардан, химиялық қосылыстардан тұрады.
Бүгін қуанышқа қойның сыймай жүрсе демек “дофаминің” көтеріліп тұр. Эйфориялық күйде жүрсең - “эндорфинің” әсері. Және сол сияқты “адреналин, норадреналин, кортизол” - гормондары көңіл күйіңнің әр бөлігіне жауапты.

Тиісінше “медицина, психология” сынды ғылымдардың дамуы арқылы сол гормондарды басқаратын деңгейге жеттік. Мәселен ТГК (Тетрагидроканнабинол) көңіл күйді көтеруге болатынын білді. Ал “антидепрессант” депрессияны жеңуге көмектесті.
Бұл енді медицицналық жағы.

Ол нәрселерді психологияның көмегімен де көтеруге болады. Кез
келген реклама сіздің гормондарыңызға тікелей әсер етеді. Мысалы қыстың күні фанта алып ішетін адам аз, бірақ қыста ең көп сатылатын сусын ол “кока кола”. Неге? Себебі оның қыспен ассоциация өте мықты. Жаңа жылдық рекламасы адамдардың миына қатты орнығып алған. Жаңа жылдық дастарханның міндетті сусыны. Жалпы ол жайлы мысал көп, айтпағым бұл емес.

Мен сезім жайлы айтқым келіп тұр. Адамның махаббаты да - химиялық реакция. Демек, оны да қолдан жасауға болады. Біреуді өзіңе ғашық қылу, көңіл күйін бұзу немесе көтеру, өзін кінәлі сезіндіру, шабыттандыру бәрі-бәрі қолдан жасауға болатын дүние. Психологиядан керемет білмеймін, биттей ғана оқығаным бар. Түсінгенім, осы болды.

Бұрындары көп нәрсені бейсаналық деңгейде жасап жүрген екенбіз. Осыларды қорытындылай келе, мен сезімдердің де шынайы болуы өте қиын екенін түсіндім. Былай қарасақ ұнатқан адамдардың дофаминін арендаға алады екенбіз. Түрлі сыйлықтар береміз, эмоция сыйлауға тырысамыз. Қымбат ресторандарға апарамыз. Ал оның арендасы біткен соң, сезім де бітетіні сөзсіз. Сондықтан да көбіміздің жұбымыз жоқ. Адамның әсері бітсе - тастап кетеміз.

Жалпы мен мұны 3 жыл бұрын ұқтым. “Ухаживать” етпей, бір қызбен сөйлесіп көріп едім, оған әсер қалдыра алмадым. Кейіннен түрлі амалдар жасап жүріп, бетін бері қаратып едім, бірақ маған ол қызық болмай қалды. Жоқ, бұл “қыздың барлығы сыйлыққа, ақшаға қызығады” деген стериотипті ой емес. Ондайдан аулақпын. Бұл нәрсені жаман деп тұрғаным да жоқ. Тек мен сезімді арендаға алғым келмеді. Қыз қандайда бір менің оны бағындыра алу әрекетіме, мүлкіме емес, бірінші маған қызықса екен деймін. Шахановтың “махаббат деген сана биігінде тоғысу” деген сөзін оқып, қатты әсер алдым.

Иә, сол 3 жылдан бері, мен бір қызды ұната қалсам “ухаживать” етпеймін, сөйлесемін, кездесемін, бірақ құшақ-құшақ гүлмен бармаймын. Бәлкім мереке, туған күнге қатысты кішкене сыйлығымды беруім мүмкін, онда да “жүрегін жаулау” жоспарымен емес, құнды, мәні бар дүние беруге тырысамын.

Мен оны, ол мені дұрыс танымай жатып, оның асты үстіне түскенімше, бір-бірімізді танып, сезімнің аренда емес екеніне көз жеткізіп барып қана, оның барлық қалауын орындауға дайынмын. Меніңше сонда ғана шынайы сезім орын алып, берілген сыйлықтың да мәні болатын сияқты. Адам сыйлыққа да лайықты болу керек. Әй-шай жоқ үйіне гүл жіберіп, сендік болмай тұрып жағдайын жасай беру өте қате деп түсінемін.

Көп жігіттер “до” көп “ухаживать” етеді де, жүріп алған соң немесе әйелі болған соң көңіл бөлмей кетеді. Ал менің түсінігімде керісінше болу керек.