Get Mystery Box with random crypto!

Бір сәттік реңк. “Эй, бұл сен емессің ғой” дейді ішкі дауыс. | tesik qaıyq

Бір сәттік реңк.

“Эй, бұл сен емессің ғой” дейді ішкі дауыс. Күнде емес, оқта-текте. Осы адамның өзгеруі мен өзін басқа кейіпте көрсетуі, ол расында да сол адамның өзгеруін білдірсе ше? Мәселен сенің бұрындары белгілі бір мақсаттарың болды, белгілі бір нәрсеге талпындың. Кейін дәл сол нәрселер саған ләззат сыйламайтындай болып көрінсе, өзіңді қинап не керек? Бәлкім расымен де өмірлік ұстанымдарың өзгерген шығар? Расында да дәл қазір айна алдында бөлек тұлға тұрған болар?

Онда неге “бұл сен емессің ғой” деп, кезекті күйде отырғанда, өткеннің бір сәттік реңкі келіп, сыбырлап кетеді екен? Білместік…