Get Mystery Box with random crypto!

Мен сені... 2 бөлім Дүкеннің жанында ұзақ күтпедім, әдеттегі | tesik qaıyq

Мен сені...

2 бөлім

Дүкеннің жанында ұзақ күтпедім, әдеттегідей көтеріңкі көңілмен, аяғы жерге тимей келе жатыр екен. Қызық, бұл өзі түр-түрлі, ішінде мың сұлу өмір сүретіндей, мың түрлі тәтті қылығы бар-тын. Бірақ бір әдетін жазбай танимын. Жаныма келгенде бірден әңгімесін айтып, үсті-басымды түзей кететін. Бұл жолы да сөйтті:

- Сенің туған күнің қашан еді? - деді қыртыс көйлегімнің шетінен ұстап тұрып.
- Жазда ғой.
- Маған ұмыттырмашы, үтік сыйламасам ба...
- Ха, ха, көйлегімді айтамысың?
- “Жоқ, жаңағыдай домофонға қоңырау шалғанда әкем алып қалса, көйлегің сияқты умаждалып қаласың, сол кезде керек болады, жарым ес” - деді. Менің ішек сілем қатып қалған, қатты күлдім. Ал ол әдетінше түр жасап тұр, тек көздері ғана сатқындық жасап, қунып тұрғанын білдірген-ді.

Тағы сөзін жалғастырып:
- Тағы шабытың ұстап кетті ме? - деді күлімдеп.
- Олай болса не?)
- Білесің ғой, мен атастырылған қызбын, бұл қылығың дұрыс емес.
- Десе де шықтың ғой...
- Өзімді кінәлі сезінгенімді қалап тұрсың ба? Рақмет! Дегеніңе жеттің! - деп шегіне бастады.
- Даяна, тоқташы. Бұлданғаның не? Сені ренжіту ойымда болмады, сөзім тисе кешірші...
- Сен де кешір, негізі менікі дұрыс емес, білмеймін не болғанын... Өзімді жайсыз сезініп тұрмын, айтарың болмаса кете берейін, бізде дайындық басталып кетті, уақытым жоқ...
- Даяна, сен оны жақсы көресің бе? деп сұрақты төтесінен қойдым. Расында мен оның жауабын бұрыннан білемін, тек көз алдымда өзім сүйген адамнан айрылып бара жатқанымды қпбылдай алмадым.
Ол:
- Сен мені расымен қинауға келдім деші. Қалай жауап берсем, сенің эгоңды тойдыра аламын?
- Даян, білесің ғой, мен сені...
- Мен білмеймін, білмей-ақ қойсам бола ма? Менен не естігің келеді? Ал, мен оны жақсы көрмеймін, не өзгереді екен? Бәрі махаббатпен отбасын құрып жатыр ма?
- Қырсықпашы...
- Қырсықтық емес, солай болуы керек, солай болады, болды...

Біраз үнсіздіктен кейін, қос жанарынан жас аға бастады. Үнсіз, бірақ қатты жылап тұрды. Кеудеме қысып, жұбатқым келген, бірақ ол құшақ тұрмақ, қолдарынан да ұстатпайтын.

Жылаған күйі бұрылып кетіп қалды, ал менің жібергім келген жоқ артынан жүгірдім де, қолынан қысып, құшақтап алдым, қарсылық танытпады, ол да кеудеме басын қоя кетті. Ұзақ тұрдық. Бір кезде:
- Сенің де батылдығың түбіне келгенде ұстайды екен - деді мұрнын тартып. Тағы да сөзін жалғап:
- Саған өз бақытыңды табуға тілектеспін. Өмірімде кеш пайда болдың, бұған тек тағдыр кәнәлі. Жақсылығы өткен адамды, жарты жолда тастап кете алмаймын. Батылдығым жетпейді. Басыңа салса көнесің, өмір ағыны өз жолымызды салып берері сөзсіз. Маған ештеңе айтпашы, өтінемін. Қош... деді де кетіп қалды.

Ал мен үсіз қалып қойдым. Жоқ, көніп қойдым...


2 бөлім соңы

(с) Нұржан Рысбеков

Жалғасы бар әрине. Қолым босаған кезде салып тұрамын. Пікірге алған әсерлеріңізді қалдырып тұрсаңыздар, мен үшін қуанышты болар еді. Рақмет