Get Mystery Box with random crypto!

Мен сені... 1. Бөлім Оның қалың бұрымына қарап ылғи тамсанат | tesik qaıyq

Мен сені...

1. Бөлім

Оның қалың бұрымына қарап ылғи тамсанатынмын. Қызық, соншалықты нәзік адам, мұншалықты қайсар болар ма еді. Сол бұрымы осы қайсарлығын аңғартып тұрғандай. Мен онымен көп сөйлеспейтінмін. Бірақ, ара-тұра өзі іздеп тұратын. Қал-жағдайымды сұрағанда, жазғандарынан шынымен жылулық сезілетін.

Бірде, атастырылып қойғанын білсем де, қоймай кездесуге шақырған болатынмын. Шықпас еді, бірақ мен қулыққа бастым. Қулық болғанда қалай, жай, балалық болса керек. Пәтерінің алдына келдім де, домофонды суретке түсіріп жібердім:
- Егер менімен кездесуге шықпасаң, үйіңе звондаймын, әкең біліп қойса менің түгімді қалдырмасы анық! - деп смсті де жөнелттім.
- Жасай алмайсың! деген хат келді.

Студент кезде сәл тентектеу едім, әсіресе біреу “жасай алмайсың” деп тұрса, турбо тентектігім қосылып кететін.
Домофонға “23” деп, үйінің нөмірін тердім де, ішімнен жәймен кәллимамды қайталап тұрдым. Бір секунд болмай көтерді де:
- Ноқалай! - деп қатты сыбырмен тұтқаны қоя салды. Артынша “дүкеннің жанында күте тұр” деген хат келді...

(с) Нұржан Рысбеков

Жалғасы бар. Бірақ оқитын адам бар ма екен? Пікір көп қалдырсаңыздар ғана
Жалғасын салатын боламын