Get Mystery Box with random crypto!

Желіде мынадай видео тарап жатыр. Астанада тұрғын үй кешенінің | Tengri.kz

Желіде мынадай видео тарап жатыр. Астанада тұрғын үй кешенінің терезесінен тұрмыстық заттар лақтырылған. Олар бірінші қабатта орналасқан мейрамхананың орындықтары мен үстелдеріне құлаған.

Оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері пікір білдірді.

"3 шілдеде 102-ге тұрғын үйдің жоғарғы қабатының терезесінен тұрмыстық заттар лақтырылып, мейрамхананың мүлкіне зиян келтірілгені туралы хабарлама келді. Бұл дерек бойынша 25 жастағы қыз анықталып, психикалық орталықтың жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Медициналық тексерістен кейін құқықтық баға беріледі".