Get Mystery Box with random crypto!

Астананы көшіру геосаяси тұрғыдан өте дұрыс қадам болды - Тоқа | Tengri.kz

Астананы көшіру геосаяси тұрғыдан өте дұрыс қадам болды - Тоқаев.

Президент Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумына қатысып жатыр.

"Өздеріңізге мәлім, елорданы көшіру оңай болған жоқ, қомақты жұмыс істелді. Бұл шешім өте күрделі кезеңде қабылданды. Ел экономикасы тоқырауда болды. Жұрт нарықтық қатынастарға толық бейімделмеген кез еді.

Осындай қиын жағдайда Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Астананы Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Бас қаламыз ресми түрде 1997 жылы 10 желтоқсанда көшірілді. Ал осыдан 25 жыл бұрын 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Елорданың жылнамасы Тәуелсіз Қазақстанның шежіресімен тығыз астасып жатыр. Шын мәнінде, астананы көшіру геосаяси тұрғыдан өте дұрыс қадам болды",
- деді Президент.