Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда бір аптада 8 бала терезеден құлап кеткен. Төтенше | Tengri.kz

Қазақстанда бір аптада 8 бала терезеден құлап кеткен.

Төтенше жағдайлар министрлігі жыл сайын аптаптың басталуымен балалардың терезеден құлауынан болатын жазатайым оқиғалардың жиілеп кеткенін мәлімдеді. Негізгі қауіп - терезелердегі масаға арналған қорғаныш торлары.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін мына ережелерді сақтаңыз:

- баланың терезені өз бетімен ашуына жол бермейтін терезелерге блокаторларды орнатыңыз;
- бала шыға алатын жиһазды терезелердің алдында қалдырмаңыз;
- терезе сыртында қорғаныш темірі болмаса, масаға арналған торларды қолданбаңыз (бала оған сенімді түрде сүйенеді және баланың салмағына арналмаған тормен бірге құлап кетуі мүмкін);
- баланы ересектердің қарауынсыз, терезелері ашық, сондай-ақ өзі ашуға болатын бөлмеде қалдырмаңыз;
- балаларға ашық терезенің қауіпті екенін түсіндіріп, масаға арналған торлар әлсіз екенін ескерту керек.