Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда көліктер қымбаттауы мүм...болғанда қымбаттап кетті | Tenge Online

Қазақстанда көліктер қымбаттауы мүм...болғанда қымбаттап кетті
Теңгенің әлсіреуіне байланысты Қазақстанда көліктер қымбаттауы мүмкін. Бұл болжамды «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, АҚШ валютасының бағамы артқан сайын автокөліктер де қымбаттауы мүмкін.

«Бізде бірнеше айға жуық ескі бағамен сатып алған отандық көліктердің құрамдас бөліктері бар. Одан кейін Қазақстанда құрастырылған көліктердің бағасы да теңге бағамына байланысты өзгереді деп күтілуде», — дейді ол.

Бұған дейін Несіпбаев логистиканың айтарлықтай қымбаттауына байланысты көлік бағасының 5-7 %-ға өсетінін айтқан. Алайда баға қазірдің өзінде өсіп үлгерді. 2 күн бұрын автосалонда 21,8 млн деп тұрған көлік кеше 24 млн, 24,2 млн деп тұрған қолданыстағы көлік 26 млнға өсті. 1 күнде 1млн+ қосып алған.