Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін KASE биржасындағы сауда-саттық көлемі 159,5 млн АҚШ долл | Tenge Online

Бүгін KASE биржасындағы сауда-саттық көлемі 159,5 млн АҚШ долларын құрады

ҚРҰБ валюталық интервенциялары 98,1 млн АҚШ доллары, ҚРҰБ қатысу үлесі 61,5% болды.
Аукцион қорытындысы бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 495,00 теңге теңгені құрады.

Айта кетейік, бүгін сауда Франкфурт аукционы нысанында өтті. Бұл нысан жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалы жағдай мен ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында таңдалды.