Get Mystery Box with random crypto!

“TALIM TV” telearnasy

Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy T
Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy
Арна мекенжайы: @talim_tv_telegram
Санаттар: Бейнелер , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.84K
Арнадан сипаттама

🍃 “TALIM TV” арнасының Telegram-дағы ресми каналы!
✔️ “TALIM TV” - ның жаңа роликтері мен әлеуметтік желідегі ақпараттарын алғыңыз келсе, жазылыңыз!

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-07-15 16:47:47
Бүгінгі жұманың насихаты осы болсын!)

Шын ниетімен арақты қойғысы келіп жүргендерге жақсы әдіс сияқты, сіз қалай ойлайсыз?

#talimtv #тәлімтв #арақ #ішімдік #ішу #мас #ащысу #водка #арақты_тастау #жамандық #асыларна #asylarna #арақішу #жұма #жұманамаз #жамағат #ұят #уәде
6.6K views“Talim TV” телеарнасы, 13:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 16:29:14 ҮЙЛЕНГЕН ЖІГІТТІҢ ӘЙЕЛІНЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ

Егер сенің арқасүйерің болғанымды қаласаң, мықты жігіттің жары болғың келсе, онда басынан-ақ менің алдыма шығып кетпей, мені сыйлап, өзгелердің алдында құрметтеп, керек кезде тыңдап өмір сүр. Себебі, отбасы да шағын мемлекет секілді ғой, онда міндетті түрде біреуі басқарушы болады.

Егер мен басқаны сүйгенімде сені жарым деп қалап алмас едім. Мен сені таңдадым. Көп қыздың ішінен саған үйлендім. Ендеше, шайтанның айтағына ерме. Маған сен, арқа сүйе.

Маған адал бол.
Әйел адам – ер адамның намысы екенін ұмытпа. Арың таза болса, Құдай сені кез келген қиындықтан алып шығуға құдіретті екенін естен шығармағайсың.

Мені ұятқа қалдырма.
Өмірімді сенімен бірге өткіземін деп таңдаған қосағымсың. Ендеше, мен ұялатындай іс жасап, өзгелердің алдында абыройымды төкпе. Екеуіміз кездескенімізге, танысқанымызға, үйленгенімізге, осы күнімізге еш өкінбейтіндей күн кешейікші!

Үйге жайлылық орнатуға тырыс.
Кез келген үйдің жылуы мен гүлі – әйел адам. Бұл - сенің өз үйің. Ендеше, өз үйіңді өгейсінбе. Екеуіміз бірігіп көтерген шаңырақты дәл солай бірге ұстап тұруға, керегесін кеңейтіп, ішін нұрға толтыруға барымызды салайық.

Мені алдама.
Арамыздағы сенімді жоғалтып алмауға тырысайық. Ер адам әйелінің еркелігін, кейбір ауыр мінездерін көтеруі мүмкін, алайда, өтірікті кешіре алмайды. Осыны ұмытпа.

Өз үйіңді тастап кетпе.
Бағана айтқанымдай, сенің өз үйің – осы. Ендеше, өз ұяңды өскен ұяңа айырбастама. Қандай қиындық болмасын, біз оны Алланың қалауымен бірге жеңіп шығамыз! Сен осыған сен. Осы айтқандарымды орындап, адал жар бола алсаң, мен де арқасүйер азаматың ретінде қолымнан келгенше сені бақытты етуге барымды саламын.

Сәлеммен, СЕНІҢ КҮЙЕУІҢ

#talimtv #тәлімтв #отбасы #үйлену #әке #хат #жігіт #жауапкершілік #ответственность #отбасымбақытым #счастье #асыларна #asylarna #письмо #қазақшапсихология #семья #махаббат #қазақтыңтойы
7.8K views“Talim TV” телеарнасы, 13:29
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 15:40:33
“Әр алыптың артында дана әйел тұрады” деген осы ма?

“Әжемнің әңгімесімен” қаншалықты келісесіз?
Видео туралы алып-қосарыңыз болса, өз ойыңызды жаза кетіңіз

#talimtv #тәлімтв #әжемніңәңгімесі #әдеп #ана #әйел #даналық #ақыл #жена #мудрость #асыларна #asylarna #әже #туыстар #отбасы #береке #бақыт #татулық #қазақшапсихология #өмірсабақтары #психология
6.7K views“Talim TV” телеарнасы, 12:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 17:48:33
“Ер жігіттің айналысатын кәсібі, істейтін жұмысы болғаны жақсы” дейді.

Дұрыс айтты ма?

#talimtv #тәлімтв #подкаст #қазақшаподкаст #тамада #әнші #той #қазақтыңтойы #жігіттер #бизнес #кәсіп #азамат #қазақтыңжігіттері #bussines
8.1K views“Talim TV” телеарнасы, 14:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 17:48:29
Қиын сәтте жаныңыздан табылатын шынайы достарыңыз көп пе?

#talimtv #тәлімтв #дос #адалдос #друг #myfriends #өмір #бақыт #лайфхак #мотивация #друзья #достарым #асыларна #отбасы
8.0K views“Talim TV” телеарнасы, 14:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 13:26:51
Біз өткен жолы ене мен келін арасындағы қарым-қатынастың нығаюына септігін тигізер деген ниетпен ене тарапынан атқарылуы тиіс кейбір амалдарға тоқталған болатынбыз. Бүгін соның жалғасы ретінде келіндер тарапынан да ескерілуі тиіс кейбір жайттарды тізіп шықтық. Оқып, өз ойыңызды, пікіріңізді жазып кетіңіз

#talimtv #тәлімтв #ене #келін #енеменкелін #отбасы #бақыт #татулық #асыларна #asylarna #үйлену #семья #қазақшапсихология #психология #свекровь
9.4K views“Talim TV” телеарнасы, 10:26
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 08:17:34
Мейлі, спортшы, мейлі, құрылысшы, мейлі әкім болсын, қай салада болса да адамға ең бірінші кезекте білім мен әдеп керек.

Оқығаның, түйгенің болмаса сөзің арзан, өзің қадірсіз, абыройсыз боласың

Сіз қай спортшынының жанкүйерісіз?
Спортшылардың афоризмге айналып кеткен сөздері есіңізде болса, астына жаза кетіңіз.

#talimtv #тәлімтв #спорт #білім #бокс #ақыл #афоризм #нақылсөздер #өмірсабақтары #қазақшапсихология #қазақшаподкаст #подкаст #әдеп
1.3K views“Talim TV” телеарнасы, 05:17
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 15:58:40
Келіндер жағы бір марқайып қалатын болды-ау!

Бұл біреуді кінәлау не ақтау емес. Тек дінімізде отбасылық мәселелер Жарқын мырза айтқандай, екіжақты, жан-жақты шешіледі

#talimtv #тәлімтв #отбасы #семья #ұрыс #береке #татулық #asylarna #асыларна #келін #невеста #енеменкелін #қазақшапсихология #өмірсабақтары #психология #мужижена
1.8K views“Talim TV” телеарнасы, 12:58
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 16:01:51
Ең жақсы байлық - адал еңбекпен, адал термен келген байлық. Бір үзім нан жеп отырсаң да, ешкімді алдамай, ешкімнің көз жасына қалмай тапқан болсаң, Құдай бір үзімнің өзіне қаншама жақсылық, қаншама береке береді.

Затыңызды біреуге өтірік айтып, алдап сатып жіберген кезіңіз болды ма?
Алаяқтарға ұрынбау үшін не істеу керек?

#talimtv #тәлімтв #сауда #әділдік #адалдық #честность #асыларна #asylarna #торговля #бизнес #береке #қазақшапсихология
719 views“Talim TV” телеарнасы, 13:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 16:25:29
Әр үйдегі жағдай, тәрбие әр басқа ғой.

Сіз ше, әкеңіз туралы қандай естелік айта аласыз?
Кішкентай кезіңізден не есіңізде қалды?

Анаңыз, атаңыз, апаңыз туралы да жазып кетсеңіз болады

(жазушы Зейнеп Ахметованың “Жарты сағат” бағдарламасына берген сұхбатынан үзінді)

#talimtv #тәлімтв #балалықшақ #детство #естелік #ностальгия #отбасы #асыларна #asylarna #әке #бақыт #счастье #уақыт #өмір #отец #ана #сағыныш
688 views“Talim TV” телеарнасы, 13:25
Ашу / Түсініктеме