Get Mystery Box with random crypto!

“TALIM TV” telearnasy

Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy T
Telegram арнасының логотипі talim_tv_telegram — “TALIM TV” telearnasy
Арна мекенжайы: @talim_tv_telegram
Санаттар: Бейнелер , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.84K
Арнадан сипаттама

🍃 “TALIM TV” арнасының Telegram-дағы ресми каналы!
✔️ “TALIM TV” - ның жаңа роликтері мен әлеуметтік желідегі ақпараттарын алғыңыз келсе, жазылыңыз!

Ratings & Reviews

4.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2022-04-12 16:18:07
“Жақсылық жасаймыз десек, төңірегімізде оны жасаудың тетіктері көп”

Сауаптар еселенетін айда тағы қандай жақсы істердің куәсі болдыңыз?
Өзіңіз түрткі боп бастап жасаған игі істер бар ма?

Өзгелерге үлгі болсын, айта отырыңыз.

#talimtv #тәлімтв #рамазан #жақсылық #доброта #садақа #көмек #қарыз #сауап #долги #долг #қарызданқұтылу #асыларна #asylarna #өнеге
5.3K views“Talim TV” телеарнасы, 13:18
Ашу / Түсініктеме
2022-04-12 10:47:53
5.1K views“Talim TV” телеарнасы, 07:47
Ашу / Түсініктеме
2022-04-11 16:15:57
Енесі мен келінінің арасы дұрыс болмаса, ортада көбінесе жігіт қиналып жатады. Бір жағында анасы, бір жағында жары…

Сол үшін енелер мен келіндер өзара келісіп алу керек сияқты

«Түсініспеушілік бәрібір болуы мүмкін, бірақ сондай кезде ушықтырмаймыз» деп келіссе, әр тарап өз сөзінде тұрса, бәрі жақсы болар ма еді, кім білсін?

Сіз қалай ойлайсыз?

#talimtv #тәлімтв #отбасы #енеменкелін #мама #ана #ене #келін #семья #үйлену #қазақшапсихология #асыларна #asylarna #татулық #свекровьиневестка
5.4K views“Talim TV” телеарнасы, 13:15
Ашу / Түсініктеме
2022-04-10 16:19:43
Танымайтын адамды қонақ қып күте салу, біреудің малы өз малына араласып кетсе де шөп-суын беріп, иесі келгенше ие болу, көлігі сынып жолда қалған біреуді үйіне әкеліп қондыру, ой, несін айтасыз, көп қой қазақтың бір-біріне жасайтын қайырымы!

Күйбең тірлікпен жүріп біразын ұмыт қалдырдық, қанымыздағы сол кодымызды қайта тірілтсек, шіркін?!

“Үлкен үйдің” осы бөлімін көріп пе едіңіз?

Ана жігіт секілді тауып алған ақшаны қайтарып беретін адал адамдар бар ма екен қазір?

@ulken_ui

#talimtv #тәлімтв #ұлттықкод #адалдық #қазақ #қазақшапсихология #тәрбие #ұлттыққұндылық #қоғам #мейірім #честность #асыларна #asylarna #банкомат #үлкенүй #балатәрбиесі
5.4K views“Talim TV” телеарнасы, 13:19
Ашу / Түсініктеме
2022-04-08 17:34:08
ЖҰМА ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

Өздеріңізден келіп жатқан сұрақтардың бірнешеуіне ҚМДБ ұстазы, имам Жарқын Мырзатай жауап берді.

Тағы басқа сұрақтарыңыз болса, төменге жаза кетіңіздер, бұйырса, келесі жолы талқылаймыз!

#talimtv #тәлімтв #жұма #juma #сұрақ #сұрақжауап #вопросы #вопросыответы #асыларна #asylarna #қазақшапсихология #отбасы #семья #jummah #имамғасұрақ #коран #islam
5.9K views“Talim TV” телеарнасы, 14:34
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 16:37:24
Қыздар “жігіт жоқ” дейді, жігіттер “дұрыс қыз жоқ” дейді. Сонда бұл не болды?)

Екі жақ неге бір-бірін таппай жүр?

#talimtv #тәлімтв #жастар #идея #idea #үйлену #той #қазақтыңтойыбітпесін #асыларна #asylarna #жартаңдау #қалыңдық #жігіттер #молодежь #свадьба #неке
1.8K views“Talim TV” телеарнасы, 13:37
Ашу / Түсініктеме
2022-03-01 16:22:24 Алғысты ата-анаңа айт.
Өйткені, олар сені мәпелеп өсірді, ауырғанда қасыңнан табылды, сен өмір сүрсін, аяққа тұрсын деп бүкіл өмірін, күш-қуатын сарқа жұмсады.

Алғысты туған туыстарыңа айт, олар сүрінгенде демеді, қиналғанда қарайласты. Тілеуіңді тіледі.

Алғысты адам болуыңа жәрдемдескен ұстаздарыңа айт, олар сенің қара тануыңа, қоғамға пайдасы тиер азамат болуыңа бар күшін салды.

Алғысты жабыққанда жаныңнан табылған достарыңа айт, жақсылыққа жәрдемдескен көршілеріңе айт, бірге жүріп, бір күлген, титтей де болса пайдасы тиген барлық адамдарға айт.

Ұмытпа! Өмір соншалықты жаман, адамдардың бәрі оңбаған емес.
Әр сәттен бақыт тауып, жаныңдағы жақындарыңның қадірін білсең ғана бақытың баянды болмақ

Ал, ең бастысы, осынша нығметке бөлеп, жаныңа жақсы адамдарды үйірген,
денсаулық берген, несібе берген Аллаға алғыс айтуды, шүкіршілік етіп, ризашылық танытуды ұмытпа.

Ол сені жоқтан жаратты,
Адам атадан таратты.

Бір-бірімізге деген мейірім, махаббатымыз сөнбесін. Алғысымыз шексіз, жақсылар!

#talimtv #тәлімтв #рахмет #өмір #бақыт #отбасы #жақындарым #өміртамаша #мыңалғыс #асыларна #asylarna #махаббат #любовь #мейірім #родной #бауырларым
742 views“Talim TV” телеарнасы, 13:22
Ашу / Түсініктеме
2022-03-01 07:22:59 Өмір – жақсылықпен, жақсы адамдармен ғана сәулелі.
Айналаңызға жақсылық пен ізгілікті шашып жүрсеңіз жан дүниеңіз де, өмiріңіз де берекелі болады” дейді ғой, ендеше, дәл бүгінгі күнді пайдаланып, сіздерге мың алғыс айтамыз!

Біздің еңбектерімізді бағалап, тұрақты оқырмандарымыз болғандарыңыз үшін, ой түйіп, қолдап-қолпаштап отыратындықтарыңыз үшін, адалдықтарыңыз үшін, кең пейілдеріңіз үшін сіздерге мың алғыс!

Алла өмірлеріңізді көктемдей берекелі, күндеріңізді шуақты, мерекелі етсін!

#talimtv #тәлімтв #алғыс #рахмет #көктем #асыларна #asylarna #өмір #бақыт #спасибо #мейірім #махаббат #жақындарым #роднаядуша #мыңалғыс
883 views“Talim TV” телеарнасы, 04:22
Ашу / Түсініктеме
2022-02-28 16:26:45
Осы подкастты көрдіңіздер ме?

Елден жырақ кетіп, ауылдың исін, үйдің шайын сағынбаған соң біз мұндайды түсінбейтін шығармыз

Сіз қандай түс көріп жүрсіз?)

#talimtv #тәлімтв #подкаст #қазақшподкаст #түс #отан #туғанжер #махаббат #зарубеж #болашақ #bolashak #студент #сағыныш #тоска
1.5K views“Talim TV” телеарнасы, 13:26
Ашу / Түсініктеме
2022-02-28 07:54:34 “TALIM TV” telearnasy pinned a file
04:54
Ашу / Түсініктеме