Get Mystery Box with random crypto!

Өздеріңіз білесіздер, “тегін ЭКО” жобасын былтыр қолға алып, б | SULTANKYZY

Өздеріңіз білесіздер, “тегін ЭКО” жобасын былтыр қолға алып, біраз келіншектің ана атануына себепші болдық. Содан бастап, өңірлерден біраз оқырманларым көмек сұрап жазды. “Бір шешім қабылдаңызшы, көмектесіңіздерші”,-деп. Жазған жанашыр жандардың барлығын жарты жыл бойы ЭКО орталықтарына бағыттап жүрдім. Бірі 5000 тг-сін аямаса, бірі 50 000тг бергісі келетін. Содан кейін, ойлана келе қор ашқан жөн шығар дедім.
Қордың атын ағамның есімі жақсылықпен қатар жүрсін деп, “Мариям” деп қойдым.

Қорға жиналған қаржы білікті мамандардан (дәрігерлер, құрамында өзім де боламын) құралған қамқорлық кеңестің шешімімен таңдалған, мемлекеттік квотаға іліне алмайтын, сәби сүйгісі келетін келіншекке жұмсалады.

Әр әйелдің жағдайын өздерінің рұқсатымен міндетті түрде бөлісіп отырамын. Апта сайы бір әйелге көмектесеміз бе, ай сайын көмектесеміз бе барлығы сіз бен біздің ниетімізге байланысты

Енді Kaspi.kz, Halyk bank қосымшалары арқылы, “платежи” бөліміне “Мариям Қазақстан”,-деп теріп, қайырымдылық жасай аласыздар.