Get Mystery Box with random crypto!

Кішкентай кезімізде Хабар арнасынан '21 ғасыр көшбасшысы' деге | СтудХакер🌍

Кішкентай кезімізде Хабар арнасынан "21 ғасыр көшбасшысы" дегенді көп көретінбіз.

Сол кезде папа "Ерқанат, сен барсаң ұтатын сияқтысың, барсайшы" деп айтатын. Ал ол кезде мен 4-5шы сынып оқимын. Телевизорге шығу арман ғой ол кезде)

Сөйтіп 9 оқып жүргенімде біздің мектепке бір газель келіп, мені салып әкетті. Ішінде 20 бала отырмыз. Регионда тұрамыз негізі, солай үлкен қалаға алып барды. Не үшін, неге бара жатырмыз вообще түсінбейм ғой. Бір жарыс болады деп айтты

Сөйтсек, жанағы бағдарламаның іріктеуі екен. Ой, залда 200дей бала отырдық. 20 адам өтеді деді. 40 сұрақ берді.

Солай өтіп кеттім Бірақ, оған тек 10-11 сыныптар қатысады екен. Ал мен 9 оқимын. Сөйтіп, алмай қойды

1 жылдан кейін ауылда жүрсем, Дәулеттен хабарласып, Алматыға кел, қатысасың деді. Қуанышта шек жоқ қой, үйдегілер қуанып, ата-апа телевизорден көрсете ма деп сұрай береді ещё.

Солай аяқ-асты Алматыға барып, қатысып кеткен едім. Ұтуды вообще ойламадым честно, өзіме сенбедім. Бірақ, бұйырған ғой енді. Апталық ойынды жеңдім.

Сол сәттегі ең есте қалған сәт: марқұм атам телевизорден көріп отырып, көзіне жас алған еді...

Өмірімдегі ең алғашқы жетістігім сол болды десем болады.