Get Mystery Box with random crypto!

Ойын-сауық, у-шу аяқталып, үйде тыныш болатын күн ғой бүгін) | СтудХакер🌍

Ойын-сауық, у-шу аяқталып, үйде тыныш болатын күн ғой бүгін)

Бүгін не істейтінімді жазғыыыым кеп тұр. В общем бүгін:

- наконец-то, киімдерімді іздеймін, жинаймын, реттеймін Киімдерім 3 комнатаның әр жерінде, әр шкафында шашылып кеткен сияқты. Соны жинап, реттеп, жуып қою керек ед

- жеке өзім отырып, 2021 жылды толық қарап шығамын. Не істелінді, не уәде етілді, бірақ істелінбеді, нені қаладым, неден бас тарттым, кіммен таныстым, кіммен араласпай кеттім, қай адам қандай әсер берді - бәрін жазып шығамын

- 2022 жылы жасағым келетін 100 істі жазып шығамын. Жеке өмір, жұмыс, қызығушылықтар, демалыс, отбасы - барлық сфераға байланысты акцент қою керек пункттерді нақтылаймын

- қандай нәрселерді қалайтынымды ғана емес, қандай жертваларға бара алатынымды, қандай шектеулер болатынын, қандай нәрселерден бас тартатынымды тоже жазамын

- оқуым керек 50 кітаптың, көруім керек 20 киноның, 2 сериалдың аттарын жазамын (60% ағылшынша)

Всё, пока ойыма келгендер осы. Бұл нәрселерді жазудағы мақсат - олар осы жылғы компас болу керек.

Компасқа қарап қайда жүру керектігін анықтайсың ғой, дәл сол сияқты жоғарыда жазбалар - қандай оңай/қиын ситуацияда болса да, өмірлік бағыт бағдар берер көмекші болады!