Get Mystery Box with random crypto!

Жылды қорытындылау қаншалықты дұрыс? Жыл соңында кей адамдар | СтудХакер🌍

Жылды қорытындылау қаншалықты дұрыс?

Жыл соңында кей адамдар инстаға пост салып жатады. Осы жылы не істедім, не өзгерді дегендей. Сол кезде адамдар екіге бөлініп жатады. Біреулер жылды қорытындылаған дұрыс десе, біреулер өзінше болып, оның несі қызық дейді)

Меніңше ойымша, жылды қорытындылаған дұрыс, не істегеніңді жазу қажет. Оны көпшілікке көрсетпеу, көрсету өз еркің, но бір жерде жазулы тұруы керек деп ойлаймын.

Ойлаш, сен 1 жыл қаншама сәтті бастан өткердің, сенде қуаныш та болды, сенде мұңайған сәттер де болды, құлап қайта тұрған кездер де болды. Әрбір іс-әрекет сенде түрлі сезімдердің пайда болуына алып келді. Сол сәттерді қайта бір сезініп, сол сәттердің маңызын, саған қаншалықты әсер еткенін жазған күшті емес па?)

Жақында күшті бір сөз естідім. Біз көбіміз А нүктесінде тұрғанда, бұл нүктенің А екенін сезіне бермейміз. Сенің қай нүктеде тұрғаныңды анықтаудың өзі үлкен бір өнер деген еді. Бәріміз белгілі бір нәрселерге ұмтыларымыз анық қой. Так вот, егер А нүктесін анықтап алсаң, өзге нүктені көру, сезіну, армандау оңайырақ болады дейді)

Бәрі жылды қорытындылау керек демеймін, но если қорытынды жасағысы келетін адамдар болса, бұл нәрсені отдуши жасауға кеңес беремін)