Get Mystery Box with random crypto!

Ферраримен жүретін ғалым Дэвид Шоу Америкада ғалым, инвестици | СтудХакер🌍

Ферраримен жүретін ғалым Дэвид Шоу

Америкада ғалым, инвестициялық компанияның басшысы Дэвид Шоу деген адам бар. Ол математикалық алгоритмдердің арқасында биржада акцияларды сатып алу, сату арқылы 60 млрд$ тапқан адам.

Маған бұл адамның өмірбаянынан бірнәрсе өте қызық болды. Ол компанияны ұзақ уақыт басқарып жүргенінде, өзін “ақымақ болып бара жатқанын” сезіпті. Олай болмас үшін бос уақытында информатикадан есептерді шешкен екен.

Менің ойымша, оның олай ойлау себебі, адам бірнәрсемен ұзақ уақыт айналысса, егер ол миына жаңа нагрузкалар бермесе, күнделікті үйренген заттарымен айналыса берсе, адам ақымақтана бастайды.

Осы уақытқа дейін мен есептерді көбіне калькуляторсыз шығаратынмын. Білмейм неге екенін, бірақ ішімнен всегда: “есеп шығарып жүруім керек, оның пайдасы көп” деп ойлайтынмын.

Оказывается, шынымен бұндай ойы бар адам бар екен) Дэвид Шоу историясынан кейін тіпті бір математикалық кітапты сатып алып, бос уақытта соның задачаларын шешіп жүру керек сияқты)

Қорыта келе, онлайн курстарды оқи беру, мотивация, даму деп жүре беру - кейде өсуге емес, мидың бірнәрсеге үйреніп қалуына, ал ол стагнацияға апаруы мүмкін.

Арасында нестандартный нәрселерді, қаттырақ ойландыратын задачаларды шешіп тұру керек.