Get Mystery Box with random crypto!

Мен бүгін ресми ұлттық компаниялардағы жұмыстан шықтым. Унив | СтудХакер🌍

Мен бүгін ресми ұлттық компаниялардағы жұмыстан шықтым.

Универ енді бітірген маған ЖасӨркен бағдарламасы Самрұқ Қазына компанияларының мүшесі болып, тәжірбие жинауға, мықты мүмкіндіктер берді. ҚазМұнайГаз, Қазпочта, АтырауМұнайӨңдеуЗаводы секілді алып компаниялардың ішкі өмірін, жұмыс процессін басымнан өткіздім.

Негізі бағдарлама бойынша 2022 жылдың мамыр айына дейін, Қазақтелеком немесе AirAstana секілді өзге компанияда жұмыс істеп, кейін бір компанияда қалуым керек еді.

Бірақ, менің жолым басқа арнаны, басқа жұмыс мансабын қажет етті. Құдай қаласа, енді өмірдегі жаңа этап басталады.

Алдағы айы АҚШтағы Кремниевая Долинада орналасқан IT компанияда боламын. Онлайн жұмыс жасаймын. Кейін сол жерде тұрақты қалып кетуім де мүмкін.

Бұл Google, Apple компаниясында істеймін деген арманға жасалған алғашқы шагтардың бірі деп ойлаймын.

Қазіргі ортамды, жұмысты тастап, басқа жаққа кету - оңай болмады. Соңғы айлары қатты ойланып, қабылданған шешім болды.

Всё что ни делается, к лучшему демекші, енді қандай нәрсе болса да, хайырлысы