Get Mystery Box with random crypto!

Әр адамның өз жолы бар Осы сөйлемді көбіміз естиміз, бірақ іш | СтудХакер🌍

Әр адамның өз жолы бар

Осы сөйлемді көбіміз естиміз, бірақ іштей біреу салған жолмен жүруге тырысамыз ия? Оны қайдан аңғаруға болатынын айтайын ба?

Көбіне адам өзінің істеп жатқан істеріне қарап, және өзгелердің не істеп жүргеніне қарап, ойлана бастайды екен. "Анау басқаша істеп жатыр ғой, мынау басқаша боп жатыр ғой" деген ойлар, оның қазіргі жүрісіне күмән туғыза бастайды. Күмәннен кейін, ол қазіргі бағытын өзгертіп, өзге бағытты таңдайды. Кейін өзге бағытта да күмән пайда болып, ол жақтан тағы секіреді. Осы цикл бірнеше жылдар бойы жалғаса беруі де мүмкін.

Ал егер адам өз жолына сенсе, өз жетістік жолына адал болса, іштей әрқашан сабырлылық, сенімділік сезімдері болады.

Сол үшін егер істеп жатқаныңыз ісіңізге күмән болса, бұл өзге адам артынан ерітетін цикл емес пе? Қазіргі жолымды лақтыруым, адалдыққа жата ма? деген сұрақ қою керек ау.

Уақытша қызығушылықтан секіріп жүру бөлек, қажеттіліктен өзге салаға ауысу бөлек. Аражігін ажырата білу керек.