Get Mystery Box with random crypto!

Әрқашан үздіктерден көшіру керек 'Кради как художник' деген б | СтудХакер🌍

Әрқашан үздіктерден көшіру керек

"Кради как художник" деген бестселлер кітап бар. Кітаптың авторы Остин Клеон Нью-Йорк университетінде студенттердің алдында сөйлеген кезінде бірнеше алтын қағида айтқан болатын.

Басты идеясы: әлемде ешкім жаңа нәрсені ойлап табуға міндетті емес, қандай үздік жүйелер бар, соларды көшіру керек. Ұлы суретшілер басында тек өзге суретшілердің жұмысын көшіреді, кейіііін барып, өзіндік стиль қалыптастырады.

Қазіргі адамдардың көпшілігі жаңа нәрсе жасағысы келеді. Бірақ 99,9% ситуацияда ол идеяны әлемнің өзге бір бұрышында біреу істеп жатуы мүмкін. Ең дұрысы, қандай күшті нәрселер бар, соларды зерттеп, қарап, әр қайсысынан бір бір элементтен алсаң болды.

Бүгін өзіме мақсат қойғам, интернетте біздің платформаға ұқсайтын 500 сайт іздеп, ең жақсы идеяларды жазып аламын деген. Соңғы 6 сағат ішінде 400-420дай сайтты көріп шықтым. Мен ойламаған, мен білмеген істеу керек идеялар өте көп екен. Барлығын телеграм каналға жазып алдым. Енді сол идеяларды сортировать етіп, керектерін қалдыру керек.

Бұл пост ұзақ ізденістің маңыздылығын жеткізу үшін, көшіру деген нәрсенің жаман емес екенін көрсету үшін жазылды.