Get Mystery Box with random crypto!

Income Share Agreement жүйесі білім алудағы революция ма? Sky | СтудХакер🌍

Income Share Agreement жүйесі білім алудағы революция ма?

SkyPro деген SkyEng- тың онлайн университеті бар.

Сол жердің жүйесі маған қатты ұнайды. Мағынасы: сен 10 апта бойы таңғы 9:00ден кешкі 18:00 дейін сабақтар өтіп, жаңа мамандық меңгересің.

Курс бағасы 1 800 000тг тұрады.

Бірақ, бұл жерде бір нюанс бар. Сен оқудың бағасын жұмысқа тұрғаннан кейін ғана төлейсің. Оқу бітіргеннен кейін, егер 300 000+ тг айлық алатын болсаң, айлығыңның 17%-ын ай сайын беріп тұруың қажет.

Ал егер жұмысқа тұрмасаң, немесе айлығың 300ден аз болса, ешқандай ақша төлемейсің.

Қазір бұл жүйе АҚШта өте қатты дамып келе жатыр. Lambda School стартап 100 млн$ инвестиция тартты

Меніңше, университет түсінігі жақын уақытта толық өзгереді. Білім саласындағы конкуренция - адамдарға толық қолайлы мүмкіндіктер жасауда.

Білім нарығы өзгерісіне бейімделіп, тұрақты жаңа навыктарды игеру маңызды. LifeLong Learning!