Get Mystery Box with random crypto!

Менің бір жаман әдетім бар, бір жағынан қажет әдет те секілді. | СтудХакер🌍

Менің бір жаман әдетім бар, бір жағынан қажет әдет те секілді.

Мысалы, кейбір адамдардың айтқан мықты сөздері қатты ұнап қалса, ол нәрсе ойымда қатып, қатты сақталып қалады.

Кімнен естігенімді білмейм, бірақ алдындары: "Жас бола тұра, шаршадым деп айтатындарды түсінбеймін" деген фразаны естіп қалдым. По идее шынымен ғой, көп ситуацияда шаршау - иллюзия сияқты.

- шаршасаң демал
- шаршама
- 24 сағат жұмыс істеме, баспен істе
- адам өзін демалдыру керек
деген популисттік сөздердің кесірінен көп адам, шаршау түсінігінің құнын арттырып, шынымен шаршаудың қандай болатынын ұмытып қалған секілді.

Жаңағы төбедегі сөз ойымда тұрып қалғаны соншалық, қазір біреуге "шаршадым" деп айтуға, жазуға ұяламын, біртүрлі сезім болады. Сен қалай ойлайсың? Сен "шаршадым" деген кездеріңде, шынымен шаршадың ба?

Осы посттан кейін шаршауға байланысты көп адамның түсінігіне дәнек салынды деп ойлаймын) Шынайы шаршау және нәпсіге ерік беру дегеннің ара-жігін шатастырып алмаңдар.