Get Mystery Box with random crypto!

Қателесу қорқынышы Көп адамда бірнәрсе жасағысы, үлкен нәрсен | СтудХакер🌍

Қателесу қорқынышы

Көп адамда бірнәрсе жасағысы, үлкен нәрсені ойлағысы келсе, іштей қорқыныш болатыны рас. Сол қорқыныш әртүрлі сылтаулардың қайнар көзі:

- әлі дайын емеспін
- кішкентаймын
- ақша жоқ қой
- команда жоқ қой
- таныстарым көп емес қой

деген секілді ойлар туындай береді. Бір секретпен бөлісейін, но қазір бұл нәрсе уже секрет те емес сияқты.

Адам ешқашан дайын болмайды. Ішкі сезім тыныштыққа үйреніп қалғаннан кейін, оған ситуацияның өзгергені ұнамайды. Сол үшін де ол: “Күте тұр, кейіндеу жасайсың” деген сигналды жібереді.

Шынымды айтайын, менде де қорқыныштар өте көп. Мен Илон Маск, Стив Джобс секілді әлемді өзгертетін дүниелер жасағым келеді. Бірақ, іштегі қорқынышқа иіле берсем, мен ешқашан ештеңе жасай алмай, тек армандап өтетінімді білемін. Ал егер тырысатын болсақ, 1%-ға болсын мүмкіндігіміз бар екені анық!

Сол үшін қателесуден, бірнәрсе бастаудан қорықпаңдар. На самом деле сендердің өмірлерің, не істеп жүргендерің ешкімге қызық емес.

Құла, тұр, құла, тұр, соңында әр жеңілісіңмен жеңісің үшін рахмет айтатын боласың