Get Mystery Box with random crypto!

"Балмұздақтарға" ақыл-кеңес

Telegram арнасының логотипі studentkenes — "Балмұздақтарға" ақыл-кеңес Б
Telegram арнасының логотипі studentkenes — "Балмұздақтарға" ақыл-кеңес
Арна мекенжайы: @studentkenes
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 4.13K
Арнадан сипаттама

Болашақ студенттерге нақты керек қадамдар🦵
Ұбтдан кейінгі Документтер туралы📄
Грант саны🔢

Ratings & Reviews

2.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2022-06-12 11:15:34 Channel photo updated
08:15
Ашу / Түсініктеме
2022-06-12 11:13:48 "Балмұздақтарға" ақыл-кеңес pinned «Осы каналдан шықпауларыңызды сұраймын өйткені мен сіздерге жақында документ тапсыруға пайдалы боламын+Студентке кеңестер туралы группа болады »
08:13
Ашу / Түсініктеме
2022-06-12 11:03:08 Біздің чатқа кірсеңіздер болады

https://t.me/+RjvsR44UxP9kOTAy
8.3K views08:03
Ашу / Түсініктеме
2022-06-12 10:59:03 “Серпін” бағдарламасы деген не? Қалай тапсыруға болады?

“Серпін - 2050” бағдарламасы 2014 жылдан бастап жұмыс жасайды. Оның басты мақсаты - халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.

“Серпін” бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі және оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды.

Бұл бағдарламаға кімдер тапсыра алады?
⁃ Бағдарлама Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының жастарына бағытталған. Яғни, сіз сол аймақтың түлегі болсаңыз ғана қатыса аласыз.

Бағдарлама қандай мамандықтарды қамтиды?
⁃ Бағдарлама белгілі бір аймақта кадр жетіспейтін мамандықтарды қамтиды. Сондықтан әр аймақ әртүрлі болуы мүмкін, әрі өзгеріп отырады.

Бағдарламаға қалай өтініш тапсыруға болады?
⁃ Мемлекеттік грантқа өтініш берерде барған мекемеден анықтап сұрайсыз. Ол да өзгеріп отырады, бір жылдары мемлекеттік грантпен қатар қабылдаса, бірде оның нәтижесінен кейін қабылдады.

Бағдарлама бойынша оқып бітірген соң қайда жұмыс жасаймыз?
⁃ Түскен өңіріңіз/университетіңіз сіздің жұмысқа орналасуыңызға ықпал жасайды. Яғни, өз оқыған қалаңызда жұмыс жасайсыз.

Бұл бағдарлама ҰБТ-дан қалағанынан аз, мемлекеттік грантқа жетпейтін балл жинаған жағдайда түсуге болады. Сондықтан, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!


https://t.me/studentkenes
8.2K views07:59
Ашу / Түсініктеме
2022-06-12 10:57:07 Ректор гранты

Мемлекеттік грант иегері атана алмаған студенттерге кезекті мүмкіндік - ректор гранты. Жалпы ректор деген кім? Ректор - қарапайым тілмен түсіндірсек, университеттің директоры.

Ректорлық гранттар жыл сайын ынталандыру, алынған білім сапасын арттыру, талантты және ынталы жастарды қолдау мақсатында ішкі конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша тағайындалады.

Байқаудың шарттары
- ҰБТ -дан жоғары балл;
- Республикалық, халықаралық олимпиадаларда, жобалар мен ғылыми жарыстарда жүлделерді растайтын соңғы 3 жылдағы дипломдардың, сертификаттардың, дипломдардың болуы.

Үміткердің отбасы жағдайы, үлгерім көрсеткіші және университеттің қаржылық мүмкіндігі қаралады. Оқу ақысы тегін болғанымен, стипендия төленбейді. Кейбір университеттер бірінші не соңғы оқу жылының ақысын төлеуі мүмкін. Ал енді бірі студенттердің әртүрлі санатына байланысты 10-50% жеңілдіктер ұсынады.

Ішкі білім беру гранттары мен жеңілдіктер, әлеуметтік көмек туралы ақпаратты университеттердің сайтынан білуге болады. Немесе университеттің өзіне барып қабылдау бөлімінен сұрай аласыз.

https://t.me/studentkenes
https://t.me/studentkenes
6.7K views07:57
Ашу / Түсініктеме
2022-06-12 10:41:30 "Балмұздақтарға" ақыл-кеңес pinned a photo
07:41
Ашу / Түсініктеме