Get Mystery Box with random crypto!

Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Жанболат Мамай бостанд | Жаңалықтар - Stan.kz

Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Жанболат Мамай бостандыққа шығады.

Белсендінің әйелі Инга Иманбайдың сөзінше, Мамайды үйқамаққа ауыстырған және бүгін тергеу изоляторынан босатылуы керек.

"Жанболатты шығарып алуға бара жатырмыз. Бүгіннен бастап үйқамаққа шығарады, бұйырса. Алдымызда сот болады. Барлық қолдаушыларға рақмет", - деп жазды Иманбай.

Қаңтар оқиғасы құрбандарын еске алу митингіне қатысқаны үшін бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды деген айыппен 15 тәулік қамауда болған белсенді әкімшілік жаза мерзімі аяқталар шақта тағы 48 сағатқа қамауға алынған. 12 наурызда қамаудан босатылуы керек еді, алайда босатылмады.

t.me/stankznews