Get Mystery Box with random crypto!

Оқушыларға да коронавирусқа қарсы вакцина салуымыз мүмкін – Кө | Sputnik Қазақстан

Оқушыларға да коронавирусқа қарсы вакцина салуымыз мүмкін – Көлгінов

Нұр-Сұлтанда дәстүрлі білім беру форматын қалпына келтіру үшін оқушыларды вакциналау мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

"Біз дәрігерлермен ақылдасып жатырмыз. Жастарға да вакцина салуымыз мүмкін. Әзірге біздегі талап бойынша 18+, бірақ Еуропа мен Израильде мектеп жасындағы балаларға да салынады. Біз болсақ, алдымен педагогтарды вакциналаудан өткізуіміз керек", — деді Көлгінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

@sputnik_aitady