Get Mystery Box with random crypto!

Далаға шықпаңыз: Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтар | Sputnik Қазақстан

Далаға шықпаңыз: Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде 30 маусым мен 2 шілде аралығында қатты ыстық болады. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді.


Нұр-Сұлтанда 1-2 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

Алматыда 30 маусым күні күндіз ауа температурасы 33-35 градусты көрсетеді.

Шымкентте 30 маусым-2 шілде аралығында 40 градус, ал Түркістанда 30 маусым-2 шілде аралығында 40-42 градус аптап ыстық болады.

30 маусымда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Күндіз 35-39 градусқа дейін өте қатты ыстық болады.

@sputnik_aitady