Get Mystery Box with random crypto!

Нұр-Сұлтанда вакцина салғызғандар 20 айфонның ұтысына қатысады | Sputnik Қазақстан

Нұр-Сұлтанда вакцина салғызғандар 20 айфонның ұтысына қатысады

Елорда әкімдігі ұсынған ақпарат бойынша, смартфон ұтысы демеушілердің есебінен ұйымдастырылады.

"Аптасына екі iPhone12 ойнатылады. Бұл ұтыс ойынына медициналық мекемелерде, сауда үйлері мен сауда және ойын-сауық орталықтарында және тағы басқа орындарда орналасқан барлық вакциналау пункті қатысады. Сонымен қатар автоматты ұтысқа біраз бұрын екпе салғызғандар да қатысады. Оған қатысу үшін сауалнаманы толтыру немесе нөмір алудың қажеті жоқ", - деді әкімдіктегілер.

Жеңімпаз Birge платформасына қосылған сервис арқылы анықталады. iPhone12 ұтысына вакцинаны алған барлық адам қатысады.

@sputnik_aitady