Get Mystery Box with random crypto!

Тегін тамақ ішеді: Вакцина алған студенттер мен оқытушыларға б | Sputnik Қазақстан

Тегін тамақ ішеді: Вакцина алған студенттер мен оқытушыларға бірнеше жеңілдік жасалады

Қазақстанның жоғары оқу орындары коронавирусқа қарсы вакцина салдырған студенттер үшін оқу ақысын төлеуге жеңілдік қарастырады, ал оқытушыларға материалдық ынталандыру жасайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

"COVID–19 індетіне қарсы екпе алған студенттер жоғары оқу орындарының мүмкіндіктеріне байланысты оқуға, жатақханада тұруға жеңілдіктер алып, түрлі сыйлықтарға ие болады. Осылайша жоғары оқу орындары халықтың денсаулығын қорғау үшін вакциналау қарқынын күшейту жұмысын қолдайды. Студенттер ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарының екпе салдырған оқытушылары да материалдық ынталандыруға ие болады", - делінген ресми хабарламада.

Студенттерге оқуға және жатақханада тұруға жеңілдік жасаудан бөлек, сауықтыру шипажайларына тегін жолдамалар, тегін тамақтану және қоғамдық көлікпен жүру талон