Get Mystery Box with random crypto!

Балаева журналистер қауымын кәсіби мерекемен құттықтады Ақпар | Sputnik Қазақстан

Балаева журналистер қауымын кәсіби мерекемен құттықтады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандық журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің көптеген мемлекеттік процеске қосқан сүбелі үлесін жоғары атап өтті.

"Құрметті әріптестер, баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл, тек қана қалам ұстаған журналистердің ғана емес, ақпарат саласында жүрген барлық қызметкерге ортақ мейрам. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Себебі, медиа тек ресми ақпарат таратудың құралы емес, ол – ұлттық қауіпсіздік пен идеологияның да өзегі. Мемлекет саясатын түсіндіруге, халық пен билік арасын жалғайтын алтын көпір. Сондықтан, журналистердің қоғам алдындағы азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікі өте жоғары", - деді Аида Балаева ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің YouTube-арнасында жарияланған құттықтау сөзінде.

@sputnik_aitady