Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Ресейдің фед | Sputnik Қазақстан

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Ресейдің федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті.

Республика басшысы Федерация кеңесі төрағасының Қазақстан мен Ресейдің одақтас қарым-қатынасын дамытуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалады.

"ТМД Парламентаралық ассамблея төрағасы ретінде атқарған жемісті, тиімді қызметіңізді жоғары құрметтейміз. Сіз көп жылдан бері парламенттік алаңда және парламенттік аядан тыс түрлі мемлекеттердің депутаттары арасындағы өзара іс-әрекеттестіктің тиімді органы ретінде қалыптасқан осы маңызды органды басқарып келесіз", - деді президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев түрлі ел мен құрлықтағы өкілдер шақырылған парламентаралық ассамблея отырысының бірін еске алды.

@sputnik_aitady