Get Mystery Box with random crypto!

Украина-Польша шекарасынан 361 қазақстандық өтті Шекарада тағ | Sputnik Қазақстан

Украина-Польша шекарасынан 361 қазақстандық өтті

Шекарада тағы 40 отандасымыз өз кезегін күтіп тұр. Бұл туралы сыртқы істер министрлі хабарлады.

Бірінші ұшақ 28 ақпанда түнде Польшаның Катовице қаласынан сағат 22.32-де Алматы әуежайына қонды. Бортта 175 жолаушы болды.

Екінші ұшақ бүгін Польшаның Катовице қаласынан ұшып шықты. Ол Нұр-Сұлтанға жергілікті уақыт бойынша түнде cағат 21:35-те келеді.

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Украинадан отанына қайтаруды ұйымдастыру жұмысын жалғастырады.

@sputnik_aitady