Get Mystery Box with random crypto!

Соққы және гол!

Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол! С
Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол!
Арна мекенжайы: @soqqyjanegoal
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 55.35K
Арнадан сипаттама

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша
Жарнама бойынша: @alimjanasqar
Баннан шығару: @kushimbaev

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 29

2024-05-03 15:09:40
Ресми: Марко Ройс «Боруссиядан» кетеді

Дортмундтың «Боруссиясы» мен 34 жастағы футболшы маусым соңында қош айтысады.

Ройс «аралардың» сапында 2012 жылдан бері тер төгіп келеді. Осы аралықтағы 424 ойында 168 гол соғып, 128 нәтижелі пас берді.

Германия кубогы және Суперкубогында топ жарғанмен, Бундеслига бағынбай кетті…
12.7K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  12:09
Ашу / Түсініктеме
2024-05-03 14:14:22 КОНКУРС! U23 Азия Кубогының финалы

Жүлде қоры – 15 000 теңге

Шарттары:

1. Соққы және гол! арнасына тіркеліңіз: @soqqyjanegoal

2. SPORT+ Qazaqstan арнасының парақшасына тіркеліңіз: @sportplustvkz

3. Комментаторлар Ортасына тіркеліңіз: @sportorta

4. Жапония U23 – Өзбекстан U23 матчының есебін және бірінші голдың минутын жазыңыз. Уақытына ең жақын болған алғашқы 3 адам жеңеді. Гол соғылмайды десеңіз, 0:0 деп жазыңыз.

5. Пікіріңіз өзгермеуі керек. Есеп те, гол уақыты да бір жерде жазылуы қажет. Қатысушының бір ғана болжамы есептеледі. Болжамдар тек матч басталғанға дейін қабылданады.

Жеңімпаз үшеуден аз болса, қалған сома келесі конкурсқа қалады.

Пікірлерді Соққы және гол! арнасында дәл осы посттың астына жазыңыздар. Тіркеліңіздер!

@soqqyjanegoal
12.6K viewsӘлімжан Асқар, 11:14
Ашу / Түсініктеме
2024-05-03 12:05:06
Freedom QJ League су тасқынынан зардап шеккендерге 5,5 млн теңгеден астам қаражат аударды

QJ League бірінші және екінші турындағы әрбір матчқа келген көрермен үшін «Қазақстан халқына» қорына 100 теңге аударды. Жалпы екі турға 5 284 жанкүйер келді.

Сондай-ақ лига «Тараз» – «Астана» ашылу матчына сатылған шамамен 10 000 билеттен түскен ақшаны да қорға аударды.

Игі іске жол тартқан жалпы сома 5 528 400 теңгені құрады. Барлық қаражат тілсіз жаудан зардап шеккен өңірлерде үй салуға жұмсалады.
12.6K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 09:05
Ашу / Түсініктеме
2024-05-03 11:10:11
1/2 финалдың бірінші матчын кейінгі ЧЛ үздік сұрмергендері

Харри Кейн – 8 гол
Килиан Мбаппе – 8
Антуан Гризманн – 6
Эрлинг Холанд – 6
Винисиус Джуниор – 5
Родриго – 5.

Кім ең үздік атанар екен?
12.7K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 08:10
Ашу / Түсініктеме
2024-05-03 07:09:06
Сандро Тонали «Ньюкаслдың» мына ойындарына бәс тігіпті

02.09.23. Ньюкасл – Брайтон: Ньюкасл жеңеді. Қадалды
16.09.23. Ньюкасл – Брентфорд: Ньюкасл жеңеді. Шықты
27.09.23. Ньюкасл – Ман Сити: Ньюкасл жеңеді. Шықты
30.09.23. Ньюкасл – Бернли: Ньюкасл жеңілмейді. Шықты
08.10.23. Вест Хэм – Ньюкасл: Ньюкасл жеңеді. Қадалды

Жалпы 40-50 ойынға бәс тіккені үшін 20 000 фунт айыппұл салынды.

Бұл әрекетін қайталамаса, 27 тамыздан бастап алаңға орала алады.
12.8K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 04:09
Ашу / Түсініктеме
2024-05-03 06:20:33
Осы маусымда «Байерді» тоқтатар клуб табылмай тұр

47 матч
39 жеңіс
8 тең ойын
0 жеңіліс
Бундеслига чемпионы
Кубоктың финалына шықты
ЕЛ финалына бір табан жақын.
12.9K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 03:20
Ашу / Түсініктеме
2024-05-03 06:01:26
Лионель Месси MLS-тің сәуір айындағы үздік ойыншысы атанды

«Интер Майами» шабуылшысы сәуірдегі төрт матчта алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

vs Колорадо Рэпидс
vs Спортинг Канзас-Сити
vs Нэшвилл
vs Нью-Инглэнд.

Наурыз айында Луис Суарес үздік деп танылған еді.
13.0K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 03:01
Ашу / Түсініктеме
2024-05-03 05:20:29
«Ливерпуль» Чемпиондар лигасына оралды

«Тоттенхэмнің» «Челсиден» жеңілуіне (0:2) байланысты үшінші жолдама «Ливерпульге» бұйырды.

Осылайша ЧЛ келер маусымына қатысатын 15 клуб белгілі болды:

Арсенал
Манчестер Сити
Ливерпуль
Реал
Барселона
Байер
Бавария
Штутгарт
РБ Лейпциг
Боруссия Д
Интер
Милан
ПСЖ
ПСВ
Фейеноорд.

Жаңа маусымда 36 клуб бақ сынайды. Оның 29-ы тікелей жолдама алса, жетеуі іріктеу арқылы анықталады.
13.1K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 02:20
Ашу / Түсініктеме
2024-05-03 05:07:06
Бүгінгі ойындар тізімі

Бірінші лига. 5-тур:
15:00. Ұлытау – Екібастұз
16:00. Алтай – Хан Тәңірі
18:00. Арыс – Ақтөбе Ж
18:00. Қайрат Ж – Каспий

АПЛ. 36-тур:
00:00. Лутон – Эвертон

Бундеслига. 32-тур:
23:30. Хоффенхайм – РБ Лейпциг

Ла Лига. 34-тур:
00:00. Хетафе – Атлетик

Серия А. 35-тур:
23:45. Торино – Болонья

Лига 1. 32-тур:
22:00. Тулуза – Монпелье
00:00. Ланс – Лорьян

Суперлига. 35-тур:
22:00. Бешікташ – Ризеспор

Про-лига. 30-тур:
20:00. Әл-Таавун – Әл-Хиләл
23:00. Абха – Әл-Иттихад
23:00. Әл-Иттифак – Әл-Фейха.
12.9K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  02:07
Ашу / Түсініктеме
2024-05-03 00:59:12
Челси маусымды нешінші орында аяқтайды?
13.1K viewsӘлімжан Асқар, 21:59
Ашу / Түсініктеме