Get Mystery Box with random crypto!

Соққы және гол!

Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол! С
Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол!
Арна мекенжайы: @soqqyjanegoal
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 55.35K
Арнадан сипаттама

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша
Жарнама бойынша: @alimjanasqar
Баннан шығару: @kushimbaev

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 19

2024-05-09 00:06:27
ФИНАЛ

Реал - Боруссия

Кім жеңеді?
13.7K viewsRaiym Korganbay, 21:06
Ашу / Түсініктеме
2024-05-09 00:02:49
Реаалллл финалда
13.1K viewsRaiym Korganbay, 21:02
Ашу / Түсініктеме
2024-05-08 23:53:39
12.9K viewsRaiym Korganbay, 20:53
Ашу / Түсініктеме
2024-05-08 23:51:49
Бұл бро-ға 5 ғана минут жетеді екен

88'—
90+2'—
13.4K viewsUlan Akhmetov, 20:51
Ашу / Түсініктеме
2024-05-08 18:02:28
«Атырау» мен «Тобыл» Қазақстан кубогының 1/2 финалына шықты

«Мұнайшылар» ширек финалда «Қайратты» 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Ал Қостанайдың клубы 1:0 есебімен жеңіске жетіп, «Астананы» жарыс жолынан шығарды.

Енді екеуі жартылай финалда кім мықтыны анықтайды.
14.5K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  15:02
Ашу / Түсініктеме
2024-05-08 17:49:11 КОНКУРС! Реал Мадрид – Бавария

Жүлде қоры – 15 000 теңге

Шарттары:

1. Соққы және гол! арнасына тіркеліңіз: @soqqyjanegoal

2. Футбол – бұл өмір! парақшасына тіркеліңіз: @futbigkz

3. Фабрицио ақпараты парақшасына тіркеліңіз: @romanokz

4. Реал Мадрид – Бавария матчының есебін және соңғы голдың авторын дәл болжаңыз. Гол соғылмайды десеңіз, 0:0 деп жазыңыз.

5. Пікіріңіз өзгермеуі керек. Есеп те, гол авторы да бір жерде жазылуы қажет. Қатысушының бір ғана болжамы есептеледі. Болжамдар тек матч басталғанға дейін қабылданады.

6. Жүлдені бәрінен ерте дәл тапқан 3 жеңімпаз тең бөліп алады.

Жеңімпаздар үшеуден аз болса, қалған сома келесі конкурсқа қалады.

Пікірлерді Соққы және гол! арнасында дәл осы посттың астына жазыңыздар. Тіркеліңіздер!

@soqqyjanegoal
15.1K viewsӘлімжан Асқар, 14:49
Ашу / Түсініктеме
2024-05-08 16:45:55
Клаудио Браво «Бетистен» кетеді

Севильяның клубы мен 41 жастағы қақпашы маусым соңында қош айтысады.

Браво «Бетисте» 2020 жылдан бері ойнап келеді. Осы аралықта 74 матчқа қатысып, 23-інде қақпасын голдан аман сақтаған.

Клаудио Чилиге оралуды немесе мансабын аяқтауды жоспарлап отырған жоқ.
12.8K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 13:45
Ашу / Түсініктеме
2024-05-08 11:25:06
Жоспар тағы да өзгерді

RFEF «Реалға» Ла Лиганың титулын 14 мамыр «Алавеске» қарсы ойыннан кейін дүйім жұрттың алдында беруді жөн санапты.

Осыған дейін «Гранадамен» болатын матчта бергісі келген. Бірақ «Реал» оны қарсыласқа құрметсіздік деп тапты.

Кейін трофейді жабық түрде клубтың базасында табыстайды деген де ақпарат шыққан еді.
13.0K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 08:25
Ашу / Түсініктеме
2024-05-08 07:30:21
Коул Палмердің қоржыны екі жүлдемен толықты

22 жастағы хавбек «Челси» футболшыларының және жанкүйерлерінің нұсқасы бойынша 2023/24 жылғы маусымның үздік ойыншысы атанды.

Осы маусымда Коул «Челси» сапында 42 ойынға қатысып, 24 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.
12.9K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 04:30
Ашу / Түсініктеме
2024-05-08 06:08:06
Париждік сұрмергендер

«ПСЖ» ойыншылары ЧЛ осы маусымында жасаған соққының 14-і қақпа жақтауына тиіпті.

Бір маусымда бір клубтың мұнша көп соққысы маңдайша не бағананы қақыратқан жағдай бұрын тіркелмеген екен.

Сонымен қатар «ПСЖ» плей-оффтың бір матчында 30+ соққы жасап, гол сала алмаған алғашқы клуб атанды.
13.4K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 03:08
Ашу / Түсініктеме