Get Mystery Box with random crypto!

Соққы және гол!

Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол! С
Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол!
Арна мекенжайы: @soqqyjanegoal
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 55.35K
Арнадан сипаттама

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша
Жарнама бойынша: @alimjanasqar
Баннан шығару: @kushimbaev

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 182

2024-01-08 16:00:07
Ағымдағы маусымда ТОП-5 лигадағы ең ұзақ жеңіліссіз серияға ие командалар:

«Байер» 25 ойын
«Реал Мадрид» 19 ойын
«Ювентус» 15 ойын
«Жирона» 14 ойын
«Атлетик» 12 ойын
«Реал Сосьедад» 12 ойын
«ПСЖ» 10 ойын

Тізім ресми ойындар бойынша жасалды.
12.9K viewsБағлан Тілегенұлы, 13:00
Ашу / Түсініктеме
2024-01-08 14:23:36
Кім шпион? Тауып көріңіздер
13.2K viewsӘлімжан Асқар, 11:23
Ашу / Түсініктеме
2024-01-08 13:30:06
Freedom QJ League форматы өзгеріп, ауқымы кеңейетін болды

Жаңа маусымнан бастап Лига жас мөлшеріне байланысты екі топқа бөлінеді – 2007 және 2008 жылы дүниеге келгендер.

2007 жылғылардан 12 команда өзара бақ сынап, бұл QJ League-ның басты Лигасы болады.

Ал 2008-дер өз ішінде екі дивизионға бөлініп, біреуінде 12 команда, екіншісінде 8 клуб кім мықтыны анықтайды.

Осыған байланысты ағымдағы жылы Лигаға Қазақстанның көптеген аймақтары қатыса алады.
12.8K viewsӘлімжан Асқар, 10:30
Ашу / Түсініктеме
2024-01-08 12:32:15
Артуро Видаль Алексис Санчестен «Интерден» кетуін өтінді

«Алексис, мені естіп тұрсаң, өтініш, «Интерден» кетші. Оған ойыннан ләззат алатын клубқа бару керек. Бірақ ол қырсық.

Түсінбеймін, Санчестің орнына ана ақымақ Мхитарянды қалай шығаруға болады?! Осыны ойласам, өзімді қоярға жер таппай кетемін», – деді Видаль.
12.6K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  09:32
Ашу / Түсініктеме
2024-01-08 10:01:42
Марко Асенсионың 2024 жылдағы алғашқы нәтижелі пасы

Франция кубогының 1/32 финалында «ПСЖ» «Ревельді» 9:0 есебімен талқандап тастаған.

Сол ойынның 45 минутында Асенсио ғаламат ассист жасапты. 48 минутта да нәтижелі пас берген, бірақ мынау көз сүйсінерліктей екен
12.6K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 07:01
Ашу / Түсініктеме
2024-01-08 09:16:57
Оливье Жиру қатарынан 14 маусым барлық турнирде 10+ голдан соғып келеді

2010/11: 14 гол
2011/12: 25
2012/13: 17
2013/14: 22
2014/15: 19
2015/16: 24
2016/17: 16
2017/18: 12
2018/19: 13
2019/20: 10
2020/21: 11
2021/22: 14
2022/23: 18
2023/24: 10

Әліби Жырау 2011/12 маусымдағы рекордын жаңарта ала ма?
12.9K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  06:16
Ашу / Түсініктеме
2024-01-08 08:06:39
«Барселона» антирекорд орнатты

Каталонияның клубы Испания кубогының 1/16 финалында «Барбастроны» (3:2) жеңді, бірақ антирекорд орнатты.

«Барса» 20 матч бойы қарсыласты бір доптан артық гол айырмашылығымен жеңе алмай келе жатыр. Мұндай дүние клуб тарихында алғаш рет орын алды.

«Блауграна» соңғы рет қарсыластан екі не одан да көп голды «Антверпенге» қарсы ойында (5:0) салды.

-1.5, -2 алғандар баспен қадалып жүр)
13.0K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 05:06
Ашу / Түсініктеме
2024-01-08 07:05:04
РЕСМИ: Фернанду Сантуш – Бешікташтың бас бапкері атанды

Бүгін екі тарап 1.5 жылдық келісімшартқа қол қойды.

Португалиялық маман соңғы 14 жылда алғаш рет клубты баптамақ. Ол осыған дейін тек құрамаларды тізгіндеген болатын: (2010/14ж, «Грекия»), (2014/22ж, «Португалия»), ( 2023ж «Польша»).
13.3K viewsБағлан Тілегенұлы, 04:05
Ашу / Түсініктеме
2024-01-08 06:01:54
Лионель Мессидің көршісі үйінің бағасы күрт өскені туралы айтты

«Үйді жазда 20 млн долларға сатып алдым. Қазір 45 млн тұрады.

Бұл ауданға Месси көшіп келген соң қазір барлығының осында тұрғысы келеді. Бұл кіріп-шығатын жері біреу, қорғалған, қауіпсіз аймақ», – деді блогер Патрик Бет-Дэвид.
13.1K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 03:01
Ашу / Түсініктеме
2024-01-08 05:01:09
Мбаппе «ПСЖ-ның» Франция кубогындағы ең үздік сұрмергені атанды

Килиан Мбаппе 1/32 финал аясындағы «Ревельге» қарсы ойында (9:0) хет-трик авторы атанып, Франсуа М’Пеленің рекордын (28 гол) жаңартты.

«ПСЖ-ның» Франция кубогында ең көп гол соққан ойыншылары:

Килиан Мбаппе – 30 гол
Франсуа М’Пеле – 28
Златан Ибрагимович, Эдинсон Кавани, Педро Паулета – 16.
13.1K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 02:01
Ашу / Түсініктеме