Get Mystery Box with random crypto!

Соққы және гол!

Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол! С
Telegram арнасының логотипі soqqyjanegoal — Соққы және гол!
Арна мекенжайы: @soqqyjanegoal
Санаттар: Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 55.35K
Арнадан сипаттама

Футбол жайлы ақпарат таратын үздік парақша
Жарнама бойынша: @alimjanasqar
Баннан шығару: @kushimbaev

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 172

2024-01-14 15:19:44
Марио Балотелли Криштиану Роналдуды құдайға теңеді

«Роналду кез келген лигада құдды бір құдай секілді өнер көрсетеді. Қандай чемпионат болмасын емін-еркін сіңісіп кетеді. Керек болса, өзіммен бірге соғысқа алып кетер едім.

Бірақ Португалия құрамасы Криштиану қосалқы құрамда отырған кезде мықты ойнайды», – деді «Адана Демирспор» шабуылшысы.
13.2K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 12:19
Ашу / Түсініктеме
2024-01-14 14:01:44
Карло Анчелотти «Реалды» «Барсадан» мықтырақ деп санайды

«Суперкубок аяқталуға жақын. Бұл клуб үшін маңызды трофейлердің бірі. «Реал» «Барселонадан» мықтырақ шығар, бірақ класикода жағдай теңеседі. Өткен жылы бізден басым түскен қарсыласты құрметтейміз. Алайда жеңіске деген құштарлық баяғыдай», – деді «Реалдың» бас бапкері.

Бүгінгі эль-класико Астана уақытымен 01:00-де басталады.
12.9K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  11:01
Ашу / Түсініктеме
2024-01-14 13:31:25
Эрлинг Холанд қаңтар айының соңына дейін ойнамайды

Бұл туралы Пеп Гвардиола айтты. Шабуылшының табанындағы жарақатынан қалыпқа келуі қиындай түсіпті.

«Холанд Әбу-Дабиде бізбен жаттығады. Бірақ қалыпқа келуіне ойлағаннан да ұзақ уақыт қажет екен. Эрлинг ай соңына дейін қатарға қосылады деп үміттенемін», – деді бас бапкер.

Сонымен қатар қаңтардың аяғына дейін Мануэль Аканджи де ойнамайды.
12.9K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  10:31
Ашу / Түсініктеме
2024-01-14 12:46:55 Эль-Класикоға орай конкурс! Жүлде қоры – 50 000 теңге Шарттары: 1. Соққы және гол! арнасына тіркеліңіз: @soqqyjanegoal 2. Фабрицио ақпараты арнасына жазылыңыз: @romanokz 3. Барсамен Бірге парақшасына қосылыңыз: @barcamenbirge 4. Футбол – бұл өмір!…
Суперкубокты қай клуб ұтады?
Anonymous Poll
63%
Реал Мадрид
37%
Барселона
7.5K voters12.9K viewsӘлімжан Асқар, 09:46
Ашу / Түсініктеме
2024-01-14 12:02:30
Бүгін Испания Суперкубогының финалы

Реал – Барселона

Ойын Астана уақытымен 01:00-де басталады.

Қазақстанда матчты MEGOGO тікелей эфирде көрсетеді.

Комментатор: Марғұлан Жақып

Кім жеңіске жетеді?
13.8K viewsМарғұлан әл-Қарқари, 09:02
Ашу / Түсініктеме
2024-01-14 11:02:30 Эль-Класикоға тағы да 100 000 тіктім! Бұл жолы Реалға ма?



13.6K viewsӘлімжан Асқар, 08:02
Ашу / Түсініктеме
2024-01-14 10:48:32 Эль-Класикоға орай конкурс!

Жүлде қоры – 50 000 теңге

Шарттары:

1. Соққы және гол! арнасына тіркеліңіз: @soqqyjanegoal

2. Фабрицио ақпараты арнасына жазылыңыз: @romanokz

3. Барсамен Бірге парақшасына қосылыңыз: @barcamenbirge

4. Футбол – бұл өмір! парақшасына тіркеліңіз: @futbigkz

5. Суперкубоктағы ойынның есебін және соңғы голдың авторын дәл болжаңыз. Гол соғылмайды десеңіз, 0:0 деп жазыңыз. Негізгі уақыттың есебі ғана саналады.

6. Пікіріңіз өзгермеуі керек. Есеп те, гол авторы да бір жерде жазылуы қажет. Қатысушының бір ғана болжамы есептеледі. Болжамдар тек матч басталғанға дейін қабылданады.

7. Жүлдені бәрінен ерте дәл тапқан 5 жеңімпаз тең бөліп алады.

Жеңімпаздар төртеуден аз болса, қалған сома келесі конкурсқа қалады.

Пікірлерді Соққы және гол! арнасында дәл осы посттың астына жазыңыздар. Тіркеліңіздер!

@soqqyjanegoal
14.1K viewsӘлімжан Асқар, 07:48
Ашу / Түсініктеме
2024-01-14 09:31:02
Кәрім Бензема «Әл-Иттихадтың» жаттығуынан шеттетілді

Шабуылшы кішігірім демалыстан кейін жұма күні команда қосынына келуі керек болған. Алайда базадан бой көрсетпепті.

Осыған байланысты бас бапкер Марсело Гальярдо Кәрімді Дубайдағы оқу-жаттығу жиынынан шеттетуге шешім қабылдады.

Жақындарының айтуынша, Бензема ауа райының қолайсыздығына байланысты Маврикиден Саудияға жете алмай қалыпты.

Еуропаға орала ма?
13.6K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  06:31
Ашу / Түсініктеме
2024-01-14 07:07:01
Трофей жеңуіміз керек

Луис Суарес достарымен қайта біріккені жайлы:

"2019 жылы мүмкін болған трофейдің бәрін жеңіп, мансабымызды «Барсада» аяқтауды армандадық. Бірақ клубтан бірінші мен кеттім, кейін олар...
Біз жылдар өте бір командада ойнаймыз деп мүлдем ойламадым. Мессидің мансабын «Барсада» аяқтайтынына 100% сенімді болдым.

Ерекше сезім, қайта басымыз қосылды. Енді қалайда трофей жеңуіміз тиіс, қолымыздан келеді, мұны дәлелдеуіміз керек",– деді Луис Суарес.

МЛС-ті шулатайын деп тұр
14.0K viewsБағлан Тілегенұлы, 04:07
Ашу / Түсініктеме
2024-01-14 06:43:18
Лаутаро Мартинес өзі қатысқан 18 ойында 18 гол салды

«Интер» сырт алаңда «Монцаны» 5:1 есебімен жеңіп, Лаутаро екі мәрте мергендігімен көзге түсті.

Осылайша 18 голмен А Сериясы сұрмергендерінің көшін бастап тұр. Топ-5 лигада Мартинестен тек Харри Кейн көп гол (22) салған.

Ал Хакан Чалханоглу осы ойында Италия чемпионатындағы мансабында алғаш рет дубль жасады.
13.9K viewsМарғұлан әл-Қарқари, edited  03:43
Ашу / Түсініктеме