Get Mystery Box with random crypto!

АЭС: Қазақстан АҚШ-тың технологиясынан бас тартты Энергетика | SN.KZ - Күннің басты жаңалығы

АЭС: Қазақстан АҚШ-тың технологиясынан бас тартты

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, әлі де болса қандай да бір елдің технологиясы таңдалған жоқ. Бес елдің технологияларының жақсы және жаман жақтары қаралып жатыр.

«Әзірге бір нәрсені айта аламыз. АҚШ ұсынған технологияны бұдан әрі қарастырмауға шешім қабылдадық. Себебі онда референтті блок жоқ. Демек, бұл технология бойынша салынған және өзінің сенімділігі мен тұрақтылығын көрсететін станция жоқ. Дегенмен бұл технологияның өзіндік артықшылықтары бар. Біз олармен мүлде ара қатынасымызды үзбейміз, тек басқа жобалар шеңберінде жұмыс істейтін шығармыз», - деді Ақшолақов.