Get Mystery Box with random crypto!

2023 жылдан бастап «Әскерге тіркеу билеті» қолданыстан алынады | SN.KZ - Күннің басты жаңалығы

2023 жылдан бастап «Әскерге тіркеу билеті» қолданыстан алынады.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет айтты.

«Мемлекеттік базалармен интеграция жасау арқылы Әскери билет рәсімдеу процесінің көлемі 2-3 есе азаяды. Одан бөлек Әскери билетке дейін Әскерге тіркеу билеті деген бар. Келесі жылы сол тіркеу билетін мүлдем алып тастағымыз келіп отыр.

Мысалы, қазір 17 жастағы әскер қатарына шақырылмаған азаматтар медициналық тексеруден өтеді. Содан кейін денсаулығына қарай қай әскери комиссариатқа тіркелгені айтылып, тіркеу билеті беріледі. Бірақ келесі жылдан бастап осы процесті басқаша жасамақшымыз. Ондай ұғымның өзін алып тастаймыз. Әскерге тіркеу билеті деген болмайды», - деді министрдің орынбасары.