Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін Қорғаныс министрлігінің жауапты өкілдері баспасөз мәслих | SN.KZ - Күннің басты жаңалығы

Бүгін Қорғаныс министрлігінің жауапты өкілдері баспасөз мәслихатын өткізді. Журналистер спикерлерден әскердегі өлім-жітімнің көбейіп кетуіне байланысты сұрақты көбірек қойды.

"Стаститика бар. Басты медициналық басқару бастығының жинаған мәліметін келтірейін: Осы жылдың 5 айында Қазақстанда 4318 адам өзіне қол салған. Оның ішінде Қарулы күштер қатарынан 4 адам бар. Тағы 4942 адам суицидке бармақ болған. Яғни, Қарулы күштердегі суицид жағдайларының үлесі 0,1 ғана. Бірақ мен бұл сандармен ақталғым келмейді", - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Вице-министрдің айтуынша, әскердегі өлім-жітім жағдайлары бойынша динамика өсімі байқалмаған.

”4 жағдай бойынша екеуіне – отбасылық-тұрмыстық ұрыстар себеп болған. Қалған екеуіне қатысты қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бізге 18 жастағылар мерзімді әскери қызметке келеді. Жас сарбаздарда 9 млн теңге несие болады. Бұл бір себеп. Осындай проблемалар сондай қайғылы жайттарға себеп болып жатады. Бірдеңе деу қиын", - дейді Дархан Ахмадиев.