Get Mystery Box with random crypto!

Misk&Parfum

Telegram арнасының логотипі slivubt — Misk&Parfum M
Telegram арнасының логотипі slivubt — Misk&Parfum
Арна мекенжайы: @slivubt
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 222
Арнадан сипаттама

Жарнама мен ұсыныстар бойынша: @azamat678
Ашық чатымыз: https://t.me/joinchat/USH4OANFj-IwOTdi
Қаз.тарихтан күнделікті слив талдағыңыз келсе:https://t.me/Slivquiz

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2021-08-05 20:54:27 тамыз ҰБТ-ны тапсыратындар (+ в чат қалдырып кетіңдер)
92 views17:54
Ашу / Түсініктеме
2021-08-04 09:24:41ТАМЫЗ АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Өтінімдер қабылдау 4 тамызда басталып, 6 тамызға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz. жүргізіледі.

Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, жоо-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Айта кетейік, осы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектептерде білім алғандар қатыса алады.

Негізгі ҰБТ секілді тамыздағы тестілеу электронды форматта 10-13 тамыз аралығында өтеді. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

«Өкінішке орай, қаңтар-маусым аралығында өткен ҰБТ-да кейбір талапкерлер шекті балл жинай алмады. Олар еліміздің жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігінен айырылды. Біз осы балалардың ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі болуы үшін тамыз айында қайта тестілеуден өтуге жағдай жасадық. Оқуға түсу үшін шектік балл және әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет», – деп түсіндірді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

@bilim_jane_gylym
187 views06:24
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 20:38:26
#1 курс студенттеріне универ/жатахана бойынша қажет гайд

Автор:Aida Utepbergenova
97 views17:38
Ашу / Түсініктеме
2021-07-30 09:45:52 БОЛАШАҚ СТУДЕНТТЕРГЕ

Бір айдан соң студент болатындарға пайдалы кеңестер 
 
Бұл кеңестерге құлақ түрсең, біраз проблемадан аулақ боласың. 
 
1. ЖОО – мектеп емес. 
Бұл жерде бәрі басқаша. Ата-анаң сен үшін артыңнан жүгірмейді. Мұғалімдер тіптен шаруасы жоқ. Барлық нәрсеге өзің жауаптысың. Бұдан кейін сен өзіне өзі жауап бере алатын, толыққанды тұлға атанасың. 
 
2. Жұмыс жайлы қазірден ойлан. 
Әрине, жұмыс істе деп тұрған жоқпыз. Бірақ мықты маман болуға қажетті қабілеттер, қасиеттерді сіңірудің жоспарын жаса. Жыл сайын бірнеше маңызды нәрсені міндетті түрде орында: шет тілінде мүдірмей сөйлеу, компьютердің тілін білу, эксель, google sheet, презентация жасау, т.б. 
 
3. Жақсы адамдармен достас. 
Олар әртүрлі саладан болса тіптен жақсы. «Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын» деген қағиданы ұстан. Ортаңа қарай сен де өзгересің. 
 
4. ЖОО-ның мүмкіндіктерін біліп ал. 
ЖОО-да қандай курс, оқу, жеңілдік, бағдарламалар, факультатив, студент алмасу бар екенін зертте. Сосын соларға атсалыс, қатыс, жазыл, мүше бол. Осылай жаңа достар табасың. ЖОО үшін бағалы студентке айналасың. 
 
5. Көп аралас, сөйлес, пікіріңді білдір. 
Көпшіл бол. Телефонмен смс жазып сөйлескенше, өмірде отырып, сөйлескенге жетпейді. 
 
6. Алдыңа үлкен мақсат қой. 
Қазір еш қиналыссыз тәуекелге баратын мезгіл. Жоғалтатын ештеңең жоқ. Биік мақсат қойып, соған жетуге ұмтыл. Соңына дейін жетпесең де, қаншама нәтижеге жететініңді ойла. 
 
7. Ата-анаға арқа сүйеуді тоқтат. 
Яғни, олардың ақшасына, билігіне тәуелді болудан өзіңді құтқар. Өзіңмен өзің жұмыс істеп, дамытатын кез келді. Өзіңді аяққа тұрғыз. Ал ата-анаңа күн сайын хабарласып, жақсы көретініңді білдір. 
 
8. Сен таңдаған мамандыққа қарай ең мықты компаниялардың тізімін жаса. 
Оларға жұмысқа тұру үшін не керектігін біл. Сенде әлі төрт жыл бар. Осы уақыт ішінде қанша рет құлап, қайта тұруға мүмкіндігің бар. Тамшы тама-тама тасты тесетіні секілді, тұрақты түрде өзін жетілдірген адамды кез келген компания жұмысқа алады. 
 
9. Саяхатта. 
Өзіңмен артып жүретін отбасың, бала-шағаң жоқ. Қазір қыдырып, жер көріп, ел танып қал. Бұл жай ерігу емес, таным көкжиегіңді арттырады. Шабыт сыйлайды.
33 views06:45
Ашу / Түсініктеме
2021-07-29 10:13:50 Университеттер және олардың 1 жылға оқу ақысы (2020-2021, 2021-2022)

1. КРМУ, Алматы: 800 000 тг

2. ППГИ, Павлодар: 495 000 тг

3. Қорқыт Ата, Қызылорда: 185 000-400 000 тг

4. М. Әуезов, Шымкент: 343 000 тг

5. СМУ, Семей: 800 000 тг

6. МУА, Астана: 139 000-2 200 000 тг

7. М.Х.Дулати, Тараз" 396 000-504 000 тг

8. КМУ, Қарағанды: 300 000-925 000 тг

9. "Каспий" университеті, Алматы: 430 000-762 000 тг

10. А.Байтұрсынұлы, Қостанай: 230 000-445 000 тг

11. Ш.Есенов, Ақтау: 500 000 тг

12. Ш. Уәлиханов, Көкшетау: 102 000-290 000 тг

13. КЕУ, Қарағанды: 240 000-345 000 тг

14. НКЗУ, Петропавл: 198 000-650 000 тг

15. ТОУ, Павлодар: 210 000-342 000 тг

16. КазГЮУ, Астана: 726 000-948 000 тг

17. АОГУ, Атырау: 390 000 тг

18. Нархоз, Алматы: 750 000-1 500 000 тг

19. КазНПУ, Алматы: 550 000-610 000 тг

20. "Туран", Алматы: 600 000-900 000 тг

21. МУИТ, Алматы: 667 000-1 111 000 тг

22. КИМЭП, Алматы: 4 810 200 тг

23. Сәтбаев, Алматы: 635 000-650 000 тг

24. Жұбанов, Ақтөбе: 342 000-630 000 тг

25. ДКУ, Алматы: 910 000 тг

26. СДУ, Қаскелең: 450 000-1 225 000 тг

27. КазНаИУ, Алматы: 380 000-500 000 тг

28. КазНУИ, Астана: 568 000-690 000 тг

29. ЕНУ, Астана: 1 050 000-1 150 000
164 views07:13
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 15:11:55 ​75 МЫҢ ТАЛАПКЕР БІЛІМ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ БЕРДІ

75 мың талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Құжаттарды қабылдау 16-26 шілде аралығында жүзеге асырылды. Байқау нәтижелері 15 тамызға дейін жарияланады.

Үміткерлер арасында 7054 «Алтын белгі» иегері, 576 халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, сондай-ақ патриоттық сезімі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін үздік белгісімен марапатталған 705 бала бар. Балдар тең болған жағдайда олар басым құқыққа ие болады.

«Сонымен қатар биыл БҒМ алғаш рет халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға квота бөлді. Енді жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, толық емес отбасылардан шыққан балалар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі артты. Оларға арнайы гранттар бөлінген. Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін гранттардың жалпы санының 5%-ы, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға – 1%, І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан түлектерге білім беру гранттарының 1%-ы көзделген», – деп атап өтті ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Сондай-ақ ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға және ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға квота қарастырылған.

Биыл 145 мыңнан астам талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. ҰБТ қорытындысы бойынша шекті балды 88 мыңнан астам адам жинады, бұл – қатысушылардың жалпы санының шамамен 60%-ы. Биылғы жылы орташа балл 69 балды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 балға жоғары.

ҰБТ қорытындысы бойынша кемінде 65 балл жинаған талапкерлер ұлттық жоғары оқу орындарында грантқа үміткер бола алатынын айта кетейік. «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» − кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін кемінде 50 балл қажет.

Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Конкурстық комиссияның отырысы 10 тамызға дейін өтеді. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, журналистер, «Қазақстан студенттері Альянсының» және «Отандастар» қорының өкілдері кірді.

bilim jane gylym министрлігі
70 views12:11
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 19:06:35 Университетке оқуға түскен соң бақылау түрлерін тапсырасыз

1. Ағымдағы бақылау - академиялық кезең ішінде оқытушының аудиторияда және аудиториядан тыс жұмыстарда жүргізген оқу жоспарына сәйкес студенттердің білімін жүйелі түрде тексеру.

2. Аралық бақылау (ҚР) - академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізілетін академиялық пән шеңберіндегі білім алушының оқу жетістіктерін бақылау. Бірінші бақылау кезеңінде (PK1) білім алушының үлгерімі семестрдің алғашқы 5 аптасында бағаланады. Екінші бақылау кезеңінде (PK2) оқу семестрдің 11-ші аптасынан 15-ші аптасына дейінгі кезеңде бағаланады.Аралық бақылаулардың қорытындсы бойынша 50 баллдан төмен жинамаған білім алушылар (RK1 + MT + RK2)/3 қорытынды бақылауға жіберіледі. Қорытынды емтиханның максималды бағасы - 100 балл.

3. Қорытынды бақылау - емтихан сессиясында (аралық аттестация) пәнді оқып болғаннан кейінгі білім алушының оқу жетістіктерін тексеру.

Бақылауға қоятын ұпайлар мен оның деңгейі қандай

1. "Өте жақсы": А+ (95-100), А (90-94)

2. "Жақсы": В+ (85-89), В (80-84), В- (75-79), С+ (70-74)

3. "Қанағаттанарлық": С (65-64), D+ (55-59), D (50-54)

4. "Қанағаттанарлықсыз": F (0-49)

Ұлғайтылған мемлекеттік стипендия (повышканы) кімдер алады

Повышка - сіз алып жатқан стипендияға тағы қосылып берілетін ақы (ақша)

1. Көру және естуі бойынша мүгедектер - %. Яғни, алып жатқан стипендиясы 31 мың теңге болса, онда соған 75% ақша қосылады.

2. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қамқорлығындағы (қорғаншылығындағы) жетім балалар және жетім балалар қатарынан студенттер - %

3. Емтихан сессиясын "өте жақсы" бағаға ғана аяқтаған студенттер - %
177 views16:06
Ашу / Түсініктеме
2021-07-25 13:50:49 Грант конкурсына өтініш беру 26 шілдеге дейін созылды. Үлгермегендер документтеріңізді тапсырып үлгеріңіздер.

26 шілде сағат 23:59-ға дейін...
90 views10:50
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 01:18:46

8 views22:18
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 14:36:20 Өтініштің мәртебесін көру

Грант конкурсына қатысып жатқан оқушылар!
Енді өтінішіңіздің мәртебесін app.testcenter.kz сайтына кіріп көре аласыз.

Сайтқа кіру үшін ҰБТ-ға тіркелген кездегі логин және парольмен кіресіз.

Ол жерден таңдаған 4 университет пен 4 мамандығыңызды, енгізген сертификаттар мен құжаттарыңыздың ескерілгенін немесе ескерілмегенін көруге болады.

Мәртебе құжат тапсырған соң 2-3 күн ішінде шығады. Егер шықпаса, құжат қабылдайтын ЖОО ретінде таңдаған оқу орнына хабарласыңыз.

Ол “Білім беру грантын еру конкурсына өтініш беру үшін қабылдау комиссиясының ЖОО атауы” деген жерде таңдаған университет.

Сайтқа өту үшін МЫНА сілтемені бас.
133 views11:36
Ашу / Түсініктеме