Get Mystery Box with random crypto!

Маңызды ақпарат 4 немесе одан көп кәмелетке толмаған көпбала | SLIV/UBT

Маңызды ақпарат

4 немесе одан көп кәмелетке толмаған көпбалалы отбасыдан шыққандар үшін жалпы гранттан 5% грант бөлінген.

Көпбалалы отбасыдан шыққаныңыз туралы құжатты ЦОН-нан ата-анаңызбен барып аласыз.

Толық қамтылмаған (кем дегенде 3 жыл) отбасыдан шыққандар үшін жалпы гранттан 1% грант бөлінген.

1,2 топтағы мүгедек асырап жатқан отбасыдан шыққандар үшін жалпы гранттан 1% грант бөлінген.

Шет елде тұратын этникалық қазақ жетім балаларға жалпы гранттан 4% грант бөлінген.

Егер де сіз осы тізімдегілердің біреуіне кіретін болсаңыз, онда ҰБТ-дан жинаған баллыңыз шекті баллғс сәйкес болу керек. Мысалы, 50 баллдан төмен алған болсаңыз, грант конкурсына қатыса алмайсыз. Педагогикаға түсетіндер үшін 75-тен төмен болмауы қажет.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев грант бөлу жүйесі кезінде абитуриенттің академиялық жетістіктеріне ғана емес, әлеуметтік-экономикалық статусына қарауды да тапсырды.

Педагогикалық ғылымдарға - 9573 грант

Ақпараттық-коммуникациялық технологияға - 7487 грант

Жаратылыстану ғылымдарына - 4088 грант

Ауыл шаруашылығы ғылымдарына - 1895 грант

Денсаулық сақтауға - 2700 грант

Өнер мен гуманитарлық ғылымдарға - 1615 грант

Бизнес, басқару мен құқыққа - 1223 грант

Әлеуметтік ғылым, журналистика мен ақпаратқа - 960 грант бөлінген.

Оған қоса, Серпін бағдарламасына да гранттар бөлінген.

Ақпарат тікелей орыс тілінен аударылған.

Аударған:Аида